ЖаңалықтарЖетісу облысы

Жетісу облысының 358 елді мекені бас жоспарлармен толық қамтамасыз етілді

Жетісу облысында сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл туралы Жетісу облысының Сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы Асанәлі Жанабай мәлімдеді.
Басқарма мәліметінше, қазіргі уақытта облыстың 358 елді мекені бас жоспарлармен толық қамтамасыз етілген. Қажеттілігіне қарай жоспарларға түзетулер енгізілуде. Сонымен қатар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары 16,8% немесе 60 елді мекенді қамтиды.
2024 жылы қала құрылысы жобаларын түзету жұмыстары аяқталмақ. Қазіргі таңда жобалар «Мемсараптама» РМК-да сараптамадан өткізілуде. Құжаттарды әзірлеу барысында қоғамдық ұйымдар мен әкімдік құрылымдарының қатысуымен қоғамдық талқылаулар ұйымдастырылған.
Облыста тұрғын үй құрылысы да бақылауда. Жыл соңына дейін барлық қаржыландыру көздері есебінен пайдалануға берілген тұрғын үйлер бойынша мәліметтер жинақталмақ. Аудандық және қалалық құрылыс бөлімдері тұрғын үйді қабылдау актілері мен сәулет-жоспарлау тапсырмаларының мәліметтерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрына тұрақты түрде енгізіп отырады.
Айта кетейік, облыста «Қылмыстық құқық бұзушылық картасын» жаңарту үшін елді мекендердің электрондық картасы әзірленді. Осы жұмыс аясында жылжымайтын мүлік нысандарының мекенжайлары түгенделді. Бұл деректер тұрақты түрде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне беріледі.
Басқарма желтоқсан-қаңтар айларында «Құрылыс және реконструкциялау жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» және «Эскизді келісу» бағыттары бойынша жалпы 6858 мемлекеттік қызмет көрсеткен.
Жетісу облысының Сәулет және қала құрылысы басқармасы алдағы уақытта да өңірдің сәулеттік дамуын қамтамасыз ету және халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын жалғастырмақ.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Текелідегі құтқару: тұрғынның қырағылығы мен полицейлердің жедел әрекеті жас жігіттің өмірін сақтап қалды

31 наурыз күні Текелі қаласында жергілікті тұрғынның қырағылығы мен полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттері 22 жастағы Тимур Абдулиннің өмірін сақтап қалуға көмектесті. Ес-түссіз жатқан жігіт қаладағы кешендердің бірінің жертөлесінен табылған. Кешкі
Жетісу облысы

Жетісу облысында сейсмикалық жаттығулар күшейтілді

Оқу-жаттығулар мен жақсы теориялық дайындық табиғи және техногендік сипаттағы апаттар кезінде өзіңізді және жақындарыңызды құтқарудың негізгі құрамдас бөлігі. Бір ай бұрын 23 қаңтарда болған жер сілкінісінен Алматы қаласы мен оған
Жетісу облысы

Текелі қаласында 15 апатты үй тіркелген

Текелі қаласының әкімі Алмас Әділдің айтуынша, бұл мәселе кезең-кезеңімен шешілуде. Биыл Текелі қаласында 470 млн.теңгеге 48 пәтер сатып алу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 11 пәтер сатып алынды. Биыл төтенше жағдайлардың алдын
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *