ЖаңалықтарЖетісу облысы

Жетісу облысында қаржы пирамидаларына қарсы күрес күшейтілді

Жетісу облысында қаржы пирамидаларына қарсы күрес аясында өткен жылы заңсыз қызмет атқарған төрт қаржы пирамидасының әрекеті әшкереленді. Бұл туралы Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Еркін Тюмелиев мәлімдеді.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, «Qnet», «Amanat Drive», «Elous», «Livegood» сияқты қаржы пирамидаларының заңсыз әрекеттері салдарынан 300-ге жуық азамат 306 миллион теңге шығынға ұшыраған. Жәбірленушілердің негізгі бөлігі – мұғалімдер мен үй шаруасындағы әйелдер.

Сонымен қатар, биыл ақпан айында еліміздің барлық өңірінде ауқымды операция жүргізіліп, «Asar Baspana» қаржы пирамидасының заңсыз қызметі тоқтатылды. Аталған ұйым тұрғын үй кооперативі ретінде жасырынып, азаматтарды жылжымайтын мүлік пен көлік сатып алуға инвестиция салуға шақырған. Ұйымдастырушылар ай сайын 30%-ға дейін пайда береміз деп уәде етіп, халықты алдап келген.

Құқық қорғау органдарының жүргізген арнайы операциясы барысында 1,2 миллиард теңге қолма-қол ақша және 13 автокөлік тәркіленді. Екі ұйымдастырушы қамауға алынып, сот оларды 2 ай мерзімге қамауда ұстау туралы шешім шығарды.

? 2024 жылы қаржы пирамидаларына қарсы күрес аясында 18 ұйымның қызметі тоқтатылды.
? 492 сайт пен 16 әлеуметтік желідегі аккаунт бұғатталды.
? «Байқа, пирамида!» Telegram-боты іске қосылып, азаматтарға күмәнді сайттар мен жобаларды тексеруге мүмкіндік берілді.

Департамент өкілдері күдікті қаржы ұйымдарына ақша салмауға, жылдам байып кету туралы ұсыныстарға сенбеуге және қаржы пирамидаларына қарсы сақ болуға шақырады.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Интернет алаяқтықпен күрес күшейтілді

Цифрлық технологиялардың дамуымен қатар интернет алаяқтық түрлері де қарқын алуда. Осы қауіптің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық банк бірлесіп «Anti-Fraud» платформасын іске қосты. Жүйе Алматы
Жетісу облысы

Талдықорғандағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жаңа білімгерлерді күтеді

Жетісу облысы Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйіне Назарбаев зияткерлік мектебі оқу-ісі жөніндегі орынбасары Қайсар Нұрбек пен аталған мектептің 10 сынып оқушысы Ділназ Бурахан келіп, жаңа оқу жылына арналған білім беру
Жетісу облысы

При строительстве АЭС будут использованы новые технологии

Собравшиеся также обсудили инициативы главы государства, поднятые в Послании. В Алматы прошло заседание депутатской фракции партии AMANAT, передает Liter.kz со ссылкой на Astana.tv. Народные избранники сошлись во мнении, что при строительстве АЭС будут
Жаңалықтар

МӘМС: 2024 жылы Қорға жиі қойылған сұрақтар

Мәртебесі барлар қатарынан шығып қалу, тегін дәрі-дәрмек беру және медициналық көмек алу кезіндегі пациенттердің құқығы… Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында былтыр қазақстандықтардың қандай сұрақтарды жиі қойғанын айтып берді. ӘМСҚ мәлімдегендей, 2024
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *