ЖаңалықтарЖетісу облысы

Жетісуда бір жыл ішінде шекарадан 577 мың автомобиль өтті

Жетісу облысында көлік құралдарының шекара арқылы өтуін қатаң бақылау жалғасуда. Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, 2024 жылы «Алакөл» және «Нұр Жолы» кеден бекеттері арқылы 577 мың автокөлік құралы өткен.
Аймақта 6 өткізу пункті бар, оның 5-і Қытаймен шекарада:
– Автомобиль өткізу пункттері – «Алакөл», «Нұр Жолы», «Қорғас ХШЫО».
– Теміржол өткізу пункттері – «Алтынкөл-жол», «Теміржол».
– Ішкі өткізу пункті – Талдықорған қаласы.
Кеден бекеттерінің өткізу қабілетін арттыру үшін бақылаудың жаңа технологиялары енгізілді. Атап айтқанда, «Нұр Жолы» өткізу пунктінде өздігінен жүретін және мамандандырылған техниканы қабылдау және ресімдеу рәсімі оңайлатылды – ол интеграцияланған бақылау жүйесінде тіркеусіз бірден уақытша сақтауға жіберіледі.
2024 жылғы 4 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Қытайға жүк тасымалдары үшін «С» үлгісіндегі электрондық рұқсат беру жүйесін іске қосты. Енді барлық рұқсат беру құжаттары «E-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы арқылы ресімделеді.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Алматы облысында 35 білім ордасы алғаш рет аттестаттаудан өтті

Былтыр Алматы облысындағы   299 білім беру  ұйымына мемлекеттік  аттестаттау жүргізілді.Нәтижесінде, 35 мекеме алғаш рет аттестаттаудан өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды.   Балаға білім беретін
Жетісу облысы

При строительстве АЭС будут использованы новые технологии

Собравшиеся также обсудили инициативы главы государства, поднятые в Послании. В Алматы прошло заседание депутатской фракции партии AMANAT, передает Liter.kz со ссылкой на Astana.tv. Народные избранники сошлись во мнении, что при строительстве АЭС будут
Жаңалықтар

Қаржы пирамидасы – қоғамды дендеген дерт

Б.Құранбек ағамыз көзі тірісінде көтерген әлеуметтік мәселелердің бірден  бірі  – қаржы пирамидасы. Кезінде «Айтуға оңай» бағдарламасында көтерілген тақырып бүгінде алып бәйтеректей тамыры жайылып, үлкен кеселге айналып барады. Ең  өкініштісі оның
Жетісу облысы

Жетісу облысында сейсмикалық жаттығулар күшейтілді

Оқу-жаттығулар мен жақсы теориялық дайындық табиғи және техногендік сипаттағы апаттар кезінде өзіңізді және жақындарыңызды құтқарудың негізгі құрамдас бөлігі. Бір ай бұрын 23 қаңтарда болған жер сілкінісінен Алматы қаласы мен оған
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *