Жетісу облысыМедицина

Жетісу облысында онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтау көрсеткіші артып келеді

Жетісу облысы 2023-2025 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспары іске асырылып жатыр. Оның ішінде қатерлі ісіктердің алдын алу және ерте анықтау шаралары жүргізілуде. Осы тұста өңірде «Тік ішек пен тоқ ішек қатерлі ісігі туралы» ақпараттандыру айлығы өткізілді.

2025 жылдың басында облыста қатерлі ісік бойынша диспансерлік есепте 7000-нан астам науқас тіркелген. Өткен жылдармен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 1% өсімі байқалады. Науқастар санының аздап өсуіне қарамастан, өңірде ауруды ерте кезеңде анықтау көрсеткіші артып келеді. Ауру құрылымында бірінші орында сүт безі қатерлі ісігі (13,7%) одан кейін колоректальды обыр (9,2%), өкпе және бронх қатерлі ісігі (7,9%) тұр.

2024 жылы қатерлі ісікке арналған скринингтік зерттеуден 38 мыңнан астам адам өтті, бұл мақсатты топтың 98 пайызын қамтиды. Нәтижесінде диспансерлік есепке 29 пациент алынды. 108 адамда қатерлі ісік алды патологиялар анықталды, осы кезеңде барлық науқас емделді және толық қалпына келгенге дейін мамандардың бақылауында болды.

Сондай-ақ, жатыр мойны қатерлі ісігіне қарсы скрининг те белсенді жүргізіліп, ауруды ерте кезеңде анықтауға ықпал етуде. Қазіргі уақытта 560 әйел есепте тұр. Өңірде 2024 жылдың күзінде 11 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы вакцинация басталды. Бұл жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алудағы маңызды қадам. Вакцинация әлемнің 107 елінде, оның ішінде Өзбекстан мен Қырғызстанда да сәтті жүргізілуде.

Онкологиялық аурулармен күресте уақытында дәрігерге қаралу аса маңызды екенін есте ұстауы тиіс дейді. Емханаларда тұрақты тексеруден өтіп, аурудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажет. Егер шаршағыштық, әлсіздік, ішектің қалыпты жұмысында өзгерістер, іш қату, нәжісте қан байқалса, дене салмағының төмендеуі немесе іштің ауыруы орын алса, шұғыл түрде дәрігерге қаралу қажет дейді онколог мамандар.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Мәртебелі театр – өркениеті өскен елдің еншісі

Бүгін 27 наурыз - Халықаралық театр күні. Бұл мереке ғұмырын сахнада өткізетін әртістердің ғана емес, өнерсүйер қауымның төл мейрамы. Мереке қарсаңында облыстағы өнер ордасының қарашаңырағы Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының
Жетісу облысы

Лепсі ауылының әрбір бесінші отбасы омарташы

Алакөл ауданының әкімшілігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан пресс-турдың алғашқы нысаны Лепсі ауылындағы бал өндіретін «Лепсі өнімдері» ЖШС болды. Экологиялық таза бал өндіретін кәсіпорын қазіргі уақытта жылына 300 тоннаға дейін бал өнімін
Қоғам

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ТҰМАУ МЕН ЖРВИ ӨРШІП ТҰР: 37 мыңнан астам жағдайы тіркелді

Жетісу облысында 2023-2024 жылдардағы эпидемиологиялық маусымның 40-48 аптасында жіті респираторлық вирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың 37 361 жағдайға дейін ұлғаюы байқалды. Бұл алдыңғы эпидемиологиялық кезеңмен салыстырғанда 2,5 есе артық. Науқастардың 70%-ы 14
Жетісу облысы

Жетісуда МӘМС жүйесі бойынша 568 мың азаматтың денсаулығы сақтандырылған

Жетісу облысында тұратын 698 мың адамның 568 мыңы МӘМС жүйесінде сақтандырылған. Өздеріңіз білетіндей, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басты міндеті – пациенттердің құқықтарын қорғау. Сондықтан қордың мамандары көрсетілетін қызметтердің сапасына үнемі
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *