ЖаңалықтарЖетісу облысы

Биыл мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығының құрылысы басталмақ

Жетісу облысында халықты әлеуметтік қорғау және мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында мемлекеттік саясат табысты жүзеге асырылуда. Бұл туралы толығырақ Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев баяндады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстағы 692 мыңнан астам халықтың 45 пайызы экономикалық белсенді халық санатына жатады. Оның ішінде 296 мың адам жұмыспен қамтылған. Жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ға дейін төмендеді.

Облыс әкімінің 2025 жылға бекіткен Өңірлік жұмыспен қамту картасына сәйкес биылғы жылы 33,3 мың жұмыс орны құрылып, 19 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылмақ.

«Қазақстан халқы» қорымен бірлесіп, аутизм және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған 125 орындық орталық 2023 жылдан Талдықорған қаласында өз жұмысын бастады. Бүгінде орталықта 125 балаға қызмет көрсетуде. Аутизммен ауыратын бала санының өсуіне байланысты, биыл қосымша 40 орынды орталық ашу жоспарлануда.
Спикердің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл Талдықорған қаласында 150 орындық мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығының құрылысы басталады. Бүгінде конкурсқа құжаттар әзірленіп жатыр.

Сондай-ақ, «Мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жүріп-тұру құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету» жобасын қолға алынған. Мәселен, өткен жылы облыс бойынша мүгедектігі бар тұлғалардың 400-ден астам кресло-арбалары тегін жөндеуден өткізіліп берілді. Аталған жоба ерекше азаматтар жағынан кең көлемде қолдауға ие болды.
Атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер отбасыларға шешімді жедел қабылдау, қорытынды шығару рәсімін жеңілдету, тексеру жүргізу кезінде формальды тәсілді болдырмау үшін учаскелік комиссиялардың жұмысына жаңашылдық енгізілді.

Учаскелік комиссиялардың шешімдерін қабылдау кезінде атаулылығы мен мұқтаждығын нақты анықтау мақсатында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап «FSM Social» мобильді қосымшасы іске қосылып, учаскелік комиссиялардың қызметі цифрландырылды.

Комиссия мүшесі атаулы әлеуметтік көмекке үміткер азаматтың материалдық жағдайын анықтау кезінде қосымша арқылы геолокацияны, яғни нақты географиялық орнын белгілейді, сол жерде өтініш берушінің келісімімен қорытындысын жібереді. Бұл мәліметтер «Әлеуметтік көмек» автоматтандырылған жүйеде бірден тіркеледі.
Мұндағы негізгі мақсат — сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және өтініш берушінің нақты географиялық орнын анықтау.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Көксу ауданында қылмыс деңгейі 16%-ға төмендеді

2024 жылы құқықбұзушылық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға азайып, 200-ден 168-ге дейін төмендеді. Қылмыстардың жалпы ашылу көрсеткіші 82,8%-ды құрады. Бұл туралы Көксу аудандық полиция бөлімінің бастығы Ернар Қалтаев пен оның
Жетісу облысы

ҚАБАНБАЙЛЫҚ ӘЖЕЛЕР ДАУЫС БЕРДІ

Еліміздің жарқын болашағы жолында Қабанбай ауылының Әжелер ансамблі бірауыздан келіп, №74 дауыс беру учаскесінде өз таңдауларын жасады. Әжелердің айтуынша, Қазақстанның әр азаматы өзінің азаматтық парызын орындап, қуатты ел болашағы үшін
Жетісу облысы

Жетісу облысында қызылшаға қатысты жағдай тұрақты

Өткен жылдың соңында аймақта қызылша ауруының күрт өсуі байқалды. Егер қараша айында 144 жағдай тіркелсе, желтоқсанда олардың саны 218-ге дейін өсті. Қаңтар айында сырқаттанушылық төмендеп, 100 адам болды. Бүгінгі күні
Жетісу облысы

ҚМДБ биылғы пітір садақаның мөлшерін 640 теңге деп бекітті

Биыл мұсылмандар үшін қасиетті ораза 11 наурызда басталады. Сәуір айының 5-нен 6-на қараған түн – қасиетті Қадір түні. Отыз күндік ораза сәуірдің 9-ы аяқталып, 10 сәуір – айт мерекесін тойлау
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *