News

Әкім сайлауы: Алтынбай Самат Алтынбайұлының сайлауалды бағдарламасы

Алматы облысы Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округі əкімінің сайлауына «AMANAT» партиясынан үміткер Алтынбай Самат Алтынбайұлы 2024-2028 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы

Құрметті жерлестер!

Мен, Алтынбай Самат Алтынбайұлы, Алматы облысы, Бірлік ауылында дүниеге келдім. Үйленгенмін,  3 балам бар. 2003 жылы Бірлік орта мектебін  бітірдім. Білімім – жоғары. 2003-2008 жылдар аралығында Қазақ ұлттық аграрлық университеті «Инженер» мамандығын алдым.

Еңбек жолымды 2008 жылы Алматы қаласында «Жаппаров» ЖК-нің электромонтаж қызметінен бастап, 2008-2009 жылдар аралығында  АО  «MAG» электромонтаж қызметінде істедім. 2009 жылы Бірлік ауылдық округі Агрофирма «Бірлік» ЖШС-нің электригі болдым. 2015-2016 жылдар аралығында Алматы қаласында «Транспортная карта» ЖШС-нің мобильдік монтаждау маманы болып жұмыс жасадым. 2016 — 2018 жылдар аралығынгда Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметінде істедім. 2018 – 2020 жылдар аралығында Агрофирма «Бірлік» ЖШС басқару аппаратына компьютер маманы, 2020 – 2022 жылдары Агрофирма «Бірлік» ЖШС бас экономисті қызметінде істедім. 2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін Агрофирма «Бірлік» ЖШС-нің директордың өндіріс жөніндегі орынбасары лауазымын атқарамын.

2017 жылдан бері «AMANAT» партиясының мүшесімін. Округ әкімі ретінде өз міндетімді Қазақстан Республикасының заңнамасының аясында өз өкілеттігімнің шеңберінде округті кәсіби басқару, округ тұрғындарының мүдделерін қорғау, округ әкімінің аппаратын сауатты басқару деп білемін. Округ әкімі ретінде мен өз жұмысымды бірінші кезекте халықпен, шаруа қожалықтарымен, кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс жасау мен ауыл өміріне белсенді қатысу үшін өзара әрекеттесуден көремін. «АМАNАТ» партиясы мүшесі ретінде, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға, әлеуметтік осал отбасыларға және жастарға қолдау көрсетуге бағытталған партиялық жобаларды іске асыру үнемі назарымда болады. Бүгінгідей күрделі кезеңде осындай зор сенім мен жауапкершіліктің үдесінен табылу кім – кімге де сын болатынын жақсы сезінемін.  Бұл үшін маған сіздердің қолдауларыңыз керек!

   Мені ауыл əкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:

  • 2024 жылы Бірлік ауылдық округінің орталықтандырылған ауыз су жүйесінің ауылішілік желілерін толық жаңартуға үлесімді қосамын;
  • 2024 жылы Бірлік ауылдық округінің көшелеріне жаңа түнгі көше жарықтарын орнатуға;
  • 2025 жылы Бірлік ауылдық округ саябағының құрылысына ықпал етемін;
  • 2025 жылы Бірлік ауылдық округінің ауылдық Мәдениет үйінің ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бар күшімді саламын;
  • 2026 жылы Бірлік ауылдық округінің көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін;
  • 2027 жылға дейін Бірлік ауылдық округіне ветеринарлық пунктісінің ғимаратынын құрылысын жүргізуге бар күшімді саламын;
  • 2028 жылға дейін Бірлік ауылдық округіне балалар ойын алаңының құрылысын жүргізуге үлесімді қосамын.

Қосымша қаржыландыру көздерін іздеу арқылы:

  • Ауыл халқының әл–ауқатын жақсартуға;
  • «Жер Аманаты» партиялық жобасы аясында пайдаланбай жатқан жерлерді қайтаруға және  ауыл тұрғындарының игілігіне пайдалануға:
  •  Округтегі кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін көтеруге жұмыс жүргізуге;
  • Ауылға жас мамандарды тартуға;
  • Ауыл шаруашылық саласын: оның ішінде мал, егін, балық шаруашылығын дамытуға күшімді саламын.
  • Шағын және орта бизнесті дамыту үшін ауыл тұрғындарына жағдай жасау, «Ауыл Аманаты» партиялық жобасы арқылы өз қосалқы шаруашылығын және жеке кәсіпкерлікті дамытуға;
  • Ауыл тұрғындарын ауылдың қоғамдық және әлеуметтік өміріне белсенді қатысуына. Жобаларды іске асыру маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге және халықтың әл ауқатын жақсартуға бағытталатын болады;
  • Елдің болашағы — жастардың жұмыспен қамтылуын, олардың шығармашылық және іскерлік өзін-өзі жүзеге асыруын қамтамасыз ету үшін жағдай жасауға;
  • Туризмді дамытуға үлесімді қосамын.

Қымбатты ауыл тұрғындары! 

Ауылымыздың ертеңі қандай болатыны сізбен бізге байланысты. Сондықтан Сіздерді сайлау учаскесіне келіп, маған дауыс беруге шақырамын. Сіздің дауысыңыз – өз жақын-жұрағаттарыңыз бен ауылдастарыңыздың бақытты жəне бай қуатты өміріне қосқан үлесіңіз! Берекелі ауыл–табысты мемлекет!

Сайлауға келіңіз! Мен үшін дауыс беріңіз!

Алматы облысы Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округі әкіміне кандидат С.А. Алтынбайдың сайлау қоры қаражаты есебінен төленген