Жаңалық

Жетісу облысында интернет-алаяқтықпен күрес күшейтілуде

Өңірдегі интернет алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шараларымен Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастыру бақылау басқармасының аға жедел уәкілі Бауыржан Текесбай Өңірлік коммуникация алаңында өткен брифингте таныстырды. Қазіргі таңда алаяқтық мүлікке бағытталған ең көп таралған қылмыстардың бірі болып табылады.

Спикер атап өткендей, интернет-алаяқтық, мобильді төлемдерді бұзу және жалған банктік карталарды қолдану арқылы ақша ұрлау – кең тараған қылмыс түрлеріне айналды. Қылмыскерлер өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, клиенттердің деректеріне қол жеткізу және ақшалай қаражатты басқа шоттарға аударту мақсатында әртүрлі айла-тәсілдер қолдануда.

«Мысал ретінде алаяқтар күдікті операциялар туралы хабарлап, қаражатты «сақтандыру шотына» аударуды ұсынады. Сонымен қатар, олар инвестициялық жобалар, спорттық ойындар және қайырымдылық бастамалары арқылы азаматтарды адастыруда. Мұндай әрекеттерден көптеген адамдар зардап шегуде», — дейді Бауыржан Жанболатұлы.

  • Құқық қорғау органдары азаматтарды қырағылыққа шақырып, алаяқтықтың алдын алу үшін келесі шараларды ұсынады:
  • Бейтаныс адамдардың уәделеріне сенбеу және құжаттарды бермеу.
  • Телефон арқылы жеке ақпарат сұраған жағдайда, сөйлесуді дереу тоқтату.
  • Ақшаны тексерілмеген шоттарға аудармау және күмәнді мәмілелерге қатыспау.

Жетісу облысының құқық қорғау органдары мемлекетке залал келтірген алаяқтық істері ҚР ҚК 190-бабына сәйкес тергеліп, қатаң жазаланатынын ескертеді.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында тірек-қимыл жүйесін емдеудің заманауи тәсілдері енгізілді

Тірек-қимыл жүйесінің ауруларын емдеуде жаңа әдістердің маңызы зор. Талғар ауданына қарасты Белбұлақ ауылында Халықаралық травматология және ортопедия ғылыми орталығында тұрғындарды мұндай диагнозбен емдеу ісіне жаңашылдық енгізілді. Енді мекемеде халықаралық стандарттарға
Жаңалық

«Таза өлке»: Қонаевта студенттер 30 қап қоқыс шығарды

  Елімізде «Таза өлке» акциясы жалғасуда. Науқан аясында бүгін Қонаевтағы колледждердің 200 студенті оқу ошақтарының аумағын қоқыстан тазартты. Облыстық көпсалалы үздіксіз білім беру колледжінің білімгерлері эконауқанды қолдау туралы челленджді Алматы
Жаңалық

Алматы облысындағы астық науқаны: өзгерістер легі мен молшылыққа деген үміт Жаңа технологиялар — мол өнімнің кепілі: Алматы облысындағы астық науқаны

Алматы облысы биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлеміндегі өзгерістерге қарамастан, астықты мол жинауға дайын. Облыс әкімдігінің мәліметі бойынша, 2024 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 419,5 мың гектар жерді алып жатыр.