News

Әкім сайлауы: Бейсембаева Торғын Сагатовнаның сайлауалды бағдарламасы

Алматы облысы Жамбыл ауданы Бозой ауылдық округ əкімінің сайлауына «AMANAT» партиясынан үміткер Бейсембаева Торғын Сагатовнаның 2024-2028 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы

Қымбатты ауыл тұрғындары!

Мен, Бейсембаева Торғын Сагатовна, 10 желтоқсан 1963 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында дүниеге келдім.

Еңбек жолымды 1985 жылы  Бозой орта мектебінде физика пәні мұғалімі болып бастадым. 1997-1999 жылдары мектеп директорының тәрбие ісі, оқу ісі жөніндегі орынбасары ; 2008-2017жылдары Бозой ауылындағы орта мектеп директоры қызметін атқардым; 2017-2018 жылдары  Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылындағы “Наурызбай батыр Құтпанбетұлы” атындағы орта мектеп директорының әдістемелік оқу ісі жөніндегі орынбасары болдым. 2018 – 2020 жылдары Шолаққорғалы, Бозой ауылдық округтері әкімі аппаратында бас маманы болдым; 2020 жылдан Бозой ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келемін.

Бозой ауылдық округі  халқының тұрмыс-тіршілігін жақсы білемін, ауылдың өзекті   мәселерімен жақсы таныспын. Бозой ауылдық округі әкімінің лауазымын атқарған уақытта, ауылдың қоғамдық-саяси ахуал жақсартуға, экономикалық әлеуетін арттыруға жұмыс жүргіздім. Ауылдың белсенді азаматтарын ұйымдастырып зиратты қоршау, көшелерге жарық шамдарын орнату, асфальт төсеу, суармалы жерлерді тиімді пайдалану, мал басын арттыруға ,ауыл азаматтарының өтінішіне байланысты мешіт салынып, саябақ салу жұмыстары жүзеге асырылды. Сонымен бірге әкімдік ғимаратын заңдастыру, күрделі жөндеуге  және Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне алаң салуға ,таза ауыз су жүйесін жүргізу мәселесін шешуге байланысты жұмыстарды атқардым.Алдағы уақытта  ауыл тұрғындарымен  бірлесе отырып ауылдың бүгінгі  күн тәртібіндегі  мәселелерін шешуге жұмыс жасаймын. Халықтың әлеуметтік өмірін жақсарту үшін мен болашақта Бозой ауылдық округіне ауыз су кіргізу үшін, ауыл көшелерін жарықтандыруға және ауыл жолдарына жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне бар күшімді саламын. Бүгін мен бұл мәселелерді қалай шешу керек екендігін және біздің ауылдағы өмірді қалай жақсартуға болатындығын білемін! Бірақ, ол үшін маған сіздердің қолдауларыңыз қажет.

      Мені ауыл əкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:

  • 2024 жылы Бозой ауылдық округінің көшелерін жарықтандыруға;
  • 2024 жылы ауылдағы жасалынбаған күрделі жол жөндеу жұмыстарынын жүргізілуге;
  • 2024 жылы Бозой ауылдық округі бойынша игерілмей жатқан жерлерді қайтарып ортақ жайлымға беруге;

Мен ауылдың бюджеті шектеулі екендігін түсінемін, сондықтан, қосымша қаржыландыру көздерін іздеу арқылы:

  • Ауыл халқының әл–ауқатын жақсартуға;
  • Ауылға шағын марткет дүкенін салуға инвестор тартуға;
  • Округтегі кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін көтеруге;
  • Суармалы жерлерді суғаруға арналған каналдарды жөндеу жұмыстарын   жүргізуге қаражаттардың бөлінуіне арнайы сараптамадан өткізу бойынша жұмыстар атқаруға;
  • Егістік жерлерді игеруді су үнемдеу технологиясына көшуге; күшімді саламын.
  • Ауыл тұрғындарының өмір – сүру жағдайын жақсарту және қолайлы етуге;
  • Туған ауылымдағы халқымның әл – ауқатын жақсартуға;
  • Игерілмей жатқан ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді мемлекетке қайтаруға;
  • Халықтың құқықтық жəне қаржылық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас surgery unit жемқорлыққа қарсы күреске;
  • Ауыл шаруашылыгы, агроөнеркәсіптің дамуына үлесімді қосамын

Сайлауға келіңіз!Мен үшін дауыс беріңіз!

Алматы облысы Жамбыл ауданы Бозой ауылдық округ әкіміне кандидат Т.С. Бейсембаеваның сайлау қоры қаражаты есебінен төленген