Алматы облысы Жамбыл ауданы Теміржол ауылдық округі əкімінің сайлауына «AMANAT» партиясынан үміткер Сарсенов Өмірбек Бегендікұлының 2024-2028 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы
Құрметті Теміржол ауылдық округінің сайлаушылары!
Мен, Сарсенов Өмірбек Бегендікұлы, 7 тамыз 1991 жылы Алматы облысы, Күрті ауданы, Ұзынағаш бекетінде дүниеге келдім.
Еңбек жолымды 2010 жылы Ауылдық бухгалтердің көмекшісі лауазымынан бастадым. 2012-2013 жылдары Теміржол селолық округі әкімінің аппараты компьютерлік бағдарламалар операторы; 2014-2015 жылдары Теміржол селолық округі әкімі аппаратының бас маман-есепшісі; 2017-2020 жылдары Теміржол ауылдық округі әкімінің орынбасары болдым. 2020 жылдан Теміржол ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келемін.
Теміржол ауылдық округі халқының тұрмыс-тіршілігін жақсы білемін, ауылдың өзекті мәселерімен жақсы таныспын. Теміржол ауылдық округі әкімінің лауазымын атқарған уақытта, ауылдың қоғамдық-саяси ахуал жақсартуға, экономикалық әлеуметтік арттыруға жұмыс жүргіздім. Ауылдың белсенді азаматтарын ұйымдастырып зиратты қоршау, тиімді пайдалану мақсатында 557 га ортақ жайылымға бекітіліп, мемлекеттік актісі алынды, мал басын арттыруға, ауылішілік көшелердің автомобиль жолдарын жөндеу және жарықтандыру жүйесін орнату жұмыстары жүзеге асырылды. Сонымен қатар тұрмыс жағдайы төмен, жетім және жартылай жетім, мүмкіндігі шектеулі, басқа да көмекке мұқтаж азаматтарға округтегі жеке кәсіпкерлер, мекеме қызметкерлері мен шаруа қожалық иелерінің қолдауымен, жеке азаматтардың бастамасымен үнемі қайырымдылық көмектер көрсетілді. Жанындағы ақсақалдар және әйелдер кеңесі жыл бойына жоспарға сай кезекті жиынындарын өткізіп, қоғамдағы өзекті мәселелерге атсалысып, округ аумағында өткізілген барлық іс-шараларға қатысып отырады.
Халықтың әлеуметтік өмірін жақсарту үшін мен болашақта Теміржол ауылдық округіне ауылішілік көшелердің автомобиль жолдарын жөндеуге, жарықтандыру жүйесін орнатуға және табиғи газбен қамтамасыз ету уақытылы және сапалы жүргізілуіне бар күшімді саламын. Бүгін мен бұл мәселелерді қалай шешу керек екендігін және біздің ауылдағы өмірді қалай жақсартуға болатындығын білемін! Бірақ, ол үшін маған сіздердің қолдауларыңыз қажет.
Мені ауыл əкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:
- 2024 – 2025 жылы ауылішілік көшелердің автомобиль жолдарын жөндеуге;
- 2024 жылы ауылды табиғи газбен қамтамасыз етуге;
- 2024 жылы ауылішілік көшелердің жарықтандыру жүйесін орнатуға.
Мен ауылдың бюджеті шектеулі екендігін түсінемін, сондықтан, қосымша қаржыландыру көздерін іздеу арқылы:
- Ауыл халқының әл–ауқатын жақсартуға;
- Ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамту мақсатында инвестор тартуға;
- Округтегі кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін көтеруге;
- Салауатты өмір салтын ұстануға арналған спорттық сауықтыру кешенін салуға;
- Әлеуметтік осал топтарға арналған уақытша жалдамалы пәтер салуға;
- Балаларға арналған ойын-сауық алаңының құрылысына күшімді саламын.
- Ауыл тұрғындарының өмір – сүру жағдайын жақсарту және қолайлы етуге;
- Туған ауылымдағы халқымның әл – ауқатын жақсартуға;
- Игерілмей жатқан ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді мемлекетке қайтаруға;
- Халықтың құқықтық жəне қаржылық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске;
- Ауыл шаруашылыгының дамуына үлесімді қосамын.