NewsЖетісу облысы

Алакөлде «Мерейлі отбасы» жеңімпаздары дауыс берді

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары Аликеевтер отбасы Алакөл ауданы Ақтүбек ауылы №64 дауыс беру учаскесіне келіп, дауыс беріп, өз белсенділігін танытты.
Әулеттің үлкені Рабиға Аликеева саяси шараға ел болып атсалысу керектігін айтып, жұртшылықты маңызды шараға ұйымшылдықпен атсалысуға шақырды.
«Қазақстанның болашағына қатысты науқаннан шет қалмау керек. Осы ретте ел азаматы ретінде референдумға отбасымызбен қатысып, өзіміздің және келешек ұрпақтың болашағы үшін дауыс бердік», – деді Рабиға Аикеева.