News

Алматы облысы: су айдындарындағы су көлемі бақылауда

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында вегетациялық кезеңге дайындық туралы талқыланды.
Қазсушар РМК-ның Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы филиалының директоры Мейрам Арыстановтың айтуынша, аталмыш филиал өңірдегі 5 ауданға суармалы су береді. Атап айтқанда Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле және Жамбыл аудандарына.
Сала мамандарының айтуынша биыл 500,0 мың га алқапқа жоспарланған 50 млн м3 су беру жоспарланып отыр.
Жалпы,филиал бойынша су беру бекітілген лимиті 868,0 млн м3 құрайды.
Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы басшысының м.а. Медет Керимжановтың сөзінше, филиал бойынша 134 дана гидробекеттер жұмыс істеп тұр. Оның, 109-ы тексерістен өтсе,25 гидробекетке шілде айында қайта аттестациялау жоспарланып отыр.
Бұдан басқа, «Қазсушар» РМК филиалы су беру мен жинақтаудың қолданыстағы жүйелерін қайта құру және жаңғырту бойынша үлкен жұмыс жүргізуде.

“Вегетациялық кезеңге дайындық қарқынды.Атап өтсек,сол жағалау Күрті магистралды каналын механикаландырылған тазарту жұмыстары жүргізілді. Үлкен Алматы каналының Талғар учаскесінде 6 парапет қалпына келтірілді”,-дейді Мейрам Арыстанов.