Алматы облысында 11 жастағы қыздарға ВПЧ-ға қарсы тегін вакцинация басталды

Бұл екпенің маңызы туралы Alatau24.kz ақпарат агенттігіне Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Муслим Сағадиев айтып берді

By admin
3 Min Read
Disclosure: This website may contain affiliate links, which means I may earn a commission if you click on the link and make a purchase. I only recommend products or services that I personally use and believe will add value to my readers. Your support is appreciated!
Фото: Алматы облыстық СЭБ департаментінің баспасөз қызметі

2024 жылдың күзінде елімізде 11 жастағы қыз балаларға адам папилломасы вирусына (ВПЧ) қарсы тегін вакцинациялау басталды. Бұл бастаманың маңызы, ВПЧ-ның таралу жолдары мен қауіптері туралы Alatau24.kz тілшісіне Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Муслим Сағадиев сұхбат берді.

– ВПЧ әлемде «тыныш вирус» деп сипатталады. Бұл атауға не себеп?

– Вирус адам ағзасында ұзақ уақыт бойы еш белгісіз өтіп, кейін өте ауыр ауруларға – соның ішінде жатыр мойны обырына алып келуі мүмкін. Оның басты қаупі – кең таралғаны және жұқтыру фактісінің бастапқы кезеңде байқалмайтыны. Деректерге сүйенсек, адамдардың шамамен 80%-ы өмірінде бір рет болсын ВПЧ-мен бетпе-бет келеді.

– Бұл вирус қалай жұғады?

– Жыныстық жолмен таралу – негізгі жолдарының бірі. Сонымен қатар тұрмыстық қатынас кезінде де жұғуы мүмкін: мысалы, теріде жарақат болса, сол арқылы өтуі ықтимал. Босану кезінде анадан балаға берілу, немесе қырыну сияқты жағдайларда бір дене бөлігінен екіншісіне өту мүмкіндігі де бар. Сонымен бірге, вирус ылғалды ортада – сауна, бассейн, спортзал секілді жерлерде ұзақ сақталады.

– Бұл вирустың алдын алудың жолы бар ма?

– Ең тиімді жол – вакцинация. Қазіргі қолданылып жүрген вакциналар ВПЧ-ның онкогендік – яғни қатерлі ісік тудыруы мүмкін түрлеріне қарсы күшті қорғаныс қалыптастырады. Атап айтқанда, жатыр мойны, жыныс мүшелері, анальды аймақ, бас пен мойын обырларының алдын алуға көмектеседі. Ерте жаста екпе алу – ең дұрыс шешім. Иммундық жүйе толық қалыптаспаған жас кезеңде ағза вирустық бөлшектерге қарсы күшті жауап қайтарады.

– Бұл вакцинаның қауіпсіздігі туралы не айтасыз?

– Бұл вакцина тірі вирус емес, вирусқа ұқсас бөлшектерден тұрады. Сондықтан ауру туғызбайды, жұқпайды. Вакцина дүниежүзілік клиникалық сынақтардан өткен, қауіпсіздігі мен тиімділігі халықаралық деңгейде дәлелденген. Соңғы он жылдан астам уақыт бойы ондаған елде қолданылып келеді және жанама әсерлері өте аз тіркелген.

– Әлемде бұл екпенің нәтижесі қандай?

– Мысалы, Ұлыбритания, Швеция, Австралия секілді елдерде жаппай ВПЧ-ға қарсы вакцинациядан кейін жатыр мойны обыры және оның алды (дисплазиялар) 60–70%-ға дейін азайған. Кейбір мемлекеттерде жастар арасында онкологиялық аурулардың инвазивті түрлері де күрт төмендеген.

– Қазақстанда неге дәл 11 жастағы қыздарға екпе жасалып жатыр?

– Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл вакцинаны 9–14 жас аралығындағы қыздарға салуды ұсынады. Себебі бұл кезеңде организм вакцинаға ең жоғары иммундық жауап береді. Қазақстанда екпе 11 жастан бастап тегін түрде қолжетімді болып отыр.

– Қарсы көрсетілімдер бар ма?

– Иә, егер балада бұрын вакцинация кезінде ауыр аллергиялық реакция болса немесе вакцинаның құрамындағы компоненттерге төзімсіздік болса – қарсы көрсетіледі. Сонымен қатар, жүктілік кезінде вакцинация ұсынылмайды.

– Екпе қайда және қалай жүргізіледі?

– Мектептердің егу бөлмелерінде, сондай-ақ тіркелген емханаларда тегін салынады. Міндетті түрде дәрігердің тексерісінен өткеннен кейін және ата-ананың немесе қамқоршының жазбаша келісімімен ғана жасалады. Вакцина иық бұлшықетіне егіледі, тірі емес вакцина болғандықтан басқа екпелермен қатар егуге болады.

– Екпенің әсері қанша уақытқа жетеді?

– Қазіргі зерттеулер вакцинаның әсері кем дегенде 11 жыл сақталатынын көрсетіп отыр. Көптеген мамандар бұл қорғаныс өмір бойына жетуі мүмкін деп есептейді.

Share This Article
Leave a Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *