Жаңалық

Алматы облысының тұрғындары тұмауға қарсы вакцина алды

 

Алматы облысында тұмау мен ЖРВИ-дің таралуы ерекше бақылауға алынды.
Облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаиловтың айтуынша, қыркүйек айынан бері 60 мыңнан астам адам медициналық көмекке жүгінген, олардың 63%-ы 14 жасқа дейінгі балалар. Тұмау Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Іле аудандары мен Қонаев қаласында өршіп тұр.

Жыл сайын облыста ЖРВИ-дің 500 мыңнан аса жағдайы тіркеледі.
Бас дәрігердің дерегінше, өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық деңгейі 18%-ға төмендегенімен, биылғы тұмау маусымы ауыр болады деп болжануда.
«Биылғы тұмау вирусының А типі (H1N1 және H3N2) ауыр өтуде. Бұл жылдам таралып, асқыну қаупінің жоғары болатыны алаңдаушылық туғызады», – деп атап өтті Марат Исмаилов.

Тұмаудан қорғанудың ең тиімді жолы – вакцинация. Алматы облысында вакцинациялау науқаны 15 қыркүйекте басталды. Қазіргі таңда өңір халқының 10%-ы вакцина алды.Оның ішінде 15 мың медицина қызметкері, 5 мыңнан астам жүкті әйел және 848 қарттар үйінің тұрғындары екпе салдырды .Облысқа «Гриппол плюс» вакцинасының 160 мың дозасы жеткізілді, аталған екпе толықтай пайдаланылды. Мамандар,екпенің күші бір жылға дейін жетеді дейді.

Related Posts

Жаңалық

Жетісу облысындағы қызылшаның эпидемиологиялық жағдайы

Жетісу облысында қызылша ауруымен сырқаттанушылық тұрақталып келеді. Өңірде қызылшаның алғашқы нақтамасымен 1404 жағдай тіркеліп, оның 1045 зертханалық сараптамамен расталған. Жалпы, қызылшаның алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация, арнайы емі
Жаңалық

Жетісу облысында көші-қон заңнамасын бұзған 365 азамат анықталды

Көші-қон заңнамасын бұзудың жолын кесу үшін 8-13 сәуір аралығында «Мигрант және Іздестіру» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Шараға 181 полиция қызметкері жұмылдырылып, 365 құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде 238 шетел азаматтарына қатысты және