Без рубрики

Алматы облысында азық-түлік арзандады

Алматы облысында бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның төмендеуі тіркелді. Бұл туралы аппараттық кеңес барысында Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Қуаныш Бахытұлы мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінде облыс бойынша картоп – 1,2%-ға, сәбіз – 2,8%-ға, жұмыртқа – 0,2%-ға, пияз – 3,4%-ға, ақ қырыққабат – 3,1%-ға төмендеуі байқалады. Өткен аптада қарақұмық жармасы бағасының 311 теңгеден 337 теңгеге дейін шамалы өсуі тіркелді.

Сондай-ақ, баяндама барысында Қуаныш Бахытұлы облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мамандары тұрақты негізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыратынын, тауарлардың құнын негізсіз көтеруге жол бермеу бойынша барлық қажетті шаралар қабылданатынын атап өтті.