Жаңалық

ЖУ-да «Менің туым» акциясы өтті

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде  25 қазан – Республика күні қарсаңында «Менің туым» акциясы өтті.

Мемлекеттік ту көтеру  рәсіміне Әскери кафедра  командирлері, университет оқытушылары мен қызметкерлері, студенттер қатысты.

Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор Болат Сериев мемлекеттік рәміздерді насихаттауға бағытталған патриоттық  шараның  маңызына тоқталып, елдігіміздің бастауы саналатын Республика күні  мерекесімен құттықтады.

«Республика күні — тәуелсіздіктің асқақ символы. 1990 жылы, дәл осы күні Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл декларация еліміздің конституциялық дамудың негізін қалады» – деді проректор.

Университет жастары атынан Жаратылыстану-техникалық факультетінің 2 курс студенті Нұржан Қойшыбеков сөз  сөйлеп, жастардың бойындағы  отанға деген сүйіспеншілік —  басты құндылық екенін айтты.

Сызық бойына сап түзеген сарбаздар  Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын ортаға шығарды, әнұран орындап,  көк байрағымызды көкке  көтерді.

Шараның мақсаты ұлттық мерекенің маңыздылығын дәріптеп, студент жастардың патриоттық сезімін ояту.

Related Posts

Жаңалық

Жетісуда Ұлттық спорт түрлері мен инклюзивті бағдарламаларға ерекше көңіл бөлінуде

Облыс аумағында 1046 спорт нысаны жұмыс істейді, оның ішінде стадиондар, спорт сарайлары, бассейндер, теннис корттары және шаңғы базалары бар. Ауылдық жерлерде 700 елді мекен спорт нысандарын қолдануда. Бұл туралы Өңірлік
Жаңалық

Алматы облысының орталығында жаңа форматтағы фестиваль ұйымдастырылады

Алматы облысы әкімдігі және Аспан ФМ жаңа форматтағы «ASPAN FEST» - ашық аспан астындағы ғаламат фестивалін ұсынады. Жаз бойы, апта сайын, Қонаев қаласының орталық алаңында еліміздің ең танымал эстрада жұлдыздары
Жаңалық

Биыл Қонаев қаласында «Аңсаған сәби» бағдарламасымен 30-ға тарта отбасы сәбилі болды

Алматы облысында МӘМС аясында бөлінген “Аңсаған сәби” квотасы толығымен игерілді. Денсаулық  сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаеваның айтуынша, биыл өңірдегі 523  отбасыға осы бағдарлама игілігін көру мүмкіндігі берілген. Бүгінде елімізде
Жаңалық

Жетісу облысында 214 адам қызылшаға қарсы екпе алудан бас тартқан

Жетісу облысында сырқаттанушылық республикалық көрсеткіштен төмен болғанымен, апта сайын қызылшамен ауырған науқастар саны артып келеді. Жыл басынан алғашқы нақтамамен 635 жағдай тіркеліп, оның 454-і расталған. Расталған жағдайлардың дені 5 жасқа