Жаңалық

Жетісу облысында 214 адам қызылшаға қарсы екпе алудан бас тартқан

Жетісу облысында сырқаттанушылық республикалық көрсеткіштен төмен болғанымен, апта сайын қызылшамен ауырған науқастар саны артып келеді. Жыл басынан алғашқы нақтамамен 635 жағдай тіркеліп, оның 454-і расталған. Расталған жағдайлардың дені 5 жасқа дейінгі балалар. Айта кетерлігі сырқаттанғандардың 81,7% бұрын қызылшаға қарсы екпе алмаған.

«Облыста қызылша сырқаттанушылығын тұрақтандыру мақсатында бірқатар шаралар атқарылып жатыр. Жоспарлы түрде 1 және 6 жастағы балалар қызылшаға қарсы екпе алып, жұқпа ошақтарында қызылшаға қарсы екпелері жоқ немесе иммундық статусы белгісіз 30 жасқа дейінгі қарым-қатынаста болған адамдар егумен қамтылып отыр. 18 жасқа дейінгі қызылшаға қарсы егілмеген немесе иммундық мәртебесі анықталмағандарға екпе жұмыстары жүргізіліп жатыр», — дейді Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Кунбасова.

Өңірде қосымша жаппай иммундау бойынша бүгінде 21 275 адам қызылшаға қарсы екпе алған, яғни 40,2%. Оның ішінде 6-10 айдағы сәби – 2 587, 2-4 жастағы бала – 14 717, медициналық қызметкер – 3 156, 18 жасқа дейінгі тұрғын – 315.

«Қызылшаның алдын алудың жалғыз жолы – вакцинация. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін иммунизациялауға тиісті тұрғындардың 95 пайызы екпемен қамтылуы керек. Ұжымдық иммунитеттің жойылуы инфекциялық ауру ошағының өршуіне әкеледі. Сондықтан сәбилеріңіздің дені сау, жұқпалы аурулардан қорғалған болып өсуі үшін сапалы ас-ауқатпен тамақтандыру, дене жаттығуларына жеткілікті көңіл бөлумен қатар, уақтылы өз емханаңызда тексеріліп, дәрігер ұсынған екпелерді алып отырғаныңыз дұрыс», деп атап өтті Индира Саветқалиқызы.

Қызылша облыстың барлық аумақтарында тіркеліп отыр. Сырқаттанушылық деңгейі Талдықорған қаласы мен Алакөл ауданында жоғары. Облыста вакцинациядан 214 адам бас тартқан.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында жүгері өнімділігі рекорд жаңартты

  Алматы облысы ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы ел экономикасының жетекші күштерінің бірі екенін тағы да дәлелдеді. Биылғы аграрлық маусымда егістік алқаптарының көлемі азайғанымен, өнімділік рекордтық деңгейге жетіп, жаңа технологиялар мен
Жаңалық

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді

  Қытай елінің басшысы Қазақстан Президентін Бейжіңдегі Халық жиналысы үйінде қарсы алды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.   Мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Содан кейін мемлекеттер
Жаңалық

Талант пен ерекшелік: Қонаев қаласындағы дарынды оқушылар жетістіктерінің форумы

2024 жылдың 13 маусымында Қонаев қаласының Мәдениет үйінде «Дарынды оқушылар жетістіктері форумы» атты айтулы шара өтті. Бұл дарынды балаларды қолдауға және ынталандыруға бағытталған шара. Халықаралық, республикалық олимпиадаларда өңіріміздің абыройын асқақтатқан
Жаңалық

Электромагниттік өрістің адам денсаулығына әсері

Қазіргі әлемде бәріміз тұрмыстық электронды құрылғылармен (теледидарлар, компьютерлер, микротолқынды пештер, ұялы байланыс аппараттары) қоршалғанбыз және осы құрылғылардан бөлінетін техногендік электромагниттік өрістердің теріс әсеріне ұшыраймыз. Жетісу облысының СЭБ Департаментінің бақылауында 850