Қоғам

Жетісу облысында биыл қыс мезгілінде 4 адам суға кетіп, екеуі әлі табылмаған

Облыста әрқилы демалыс түрлеріне пайдаланылып жатқан 43-тен аса ірі ашық су қоймалары бар. 2022-2023 жылдар аралығында Алакөл және Панфилов ауданында 4 адам су айдынында мерт болып, 2-уі әлі табылмаған. Тұрғындар арасында осындай жағдайлардың алдын алып немесе төтенше қауіпке тап болмас үшін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңына Жетісу облысы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері, капитан Тыныбек Бағдат Тыныбекұлы және облыстық ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Әлібай Сағади Асхатұлы мен жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары Найзабеков Берік Темірханұлы келді.
«Қысқы аңшылық пен балық аулау маусымы басталғалы жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін өңірде 750-ден астам рейдтік және патрульдік жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде 8 азаматтың Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, 412-ші яғни, «Су айдындарында қауiпсiздiк қағидаларын бұзу немесе орындамау» бабына қайшы әрекеттерін байқадық. Аталған заң құзіреттілігі бойынша тұлғаларға 120 750 теңге айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — дейді Бағдат Тыныбек.
Ал қысқы кезеңдегі жол жүру желісі жайында Берік Найзабеков:
«Жыл сайын ауа райының қолайсыздығына байланысты қыс мезгілінде 100-ден астам жүк және жеңіл автокөлік қар құрсауында қалады. 2022-2023 жылдар арасында бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша 16 жағдай тіркелді. Жұмыс нәтижесінде 80 адам құтқарылды, оның ішінде 4 бала және 3-еуі шет ел азаматтары. Ал 24 адам төтенше жағдай аймағынан эвакуацияланып, 14 бірлік техника шығарылды. Өңірімізде 2 трассалық-медициналық құтқару пункттері бар, олар қажет болған жағдайда жылыту пункттері ретінде де пайдаланылуда», — деп баяндады.
Баяндама соңында ТЖД қызметкерлері тұрғындарды қыс мезгілінде жол жүру мен мұз айдындарында аса сақ болуға шақырды. Қауіпсіздік шараларын ұстанып, егерде оқыс оқиғаға тап болған жағдайда дереу 112 нөміріне қоңырау шалуын сұрады.

Related Posts

Қоғам

Жетісу  облысында  62  медициналық ұйымда санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуы анықталды

2023 жылдың 9 айында Жетісу облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 62 медициналық ұйымға тексеру жүргізді. Оның 31-і кесте бойынша берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне, 31-і ҚР
Қоғам

Алматы облысында 260-қа жуық адам грант алды

Биыл облыс бойынша кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде 303,6 млн. теңгеден астам сомаға жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 259 грант берілді. Грант алушылардың бірі - Жалғасбек
Қоғам

Бикен Римов атындағы Талдықорған драма театры Түркіменстандағы театр фестиваліне аттанбақ

Жетісу облыстық Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры 14-16  қараша   аралығында  Түркіменстанның Мәдениет министрлігі  және ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының бірлесіп ұйымдастыруымен Ашхабад қаласында өтетін «Театральное исскуство эпохи счастья» театр  фестиваліне қатысады.
Жетісу облысы

МЦПС «Хоргос» внедряет меры по цифровизации таможенных операций

Департамент государственных доходов по области Жетісу запустил пилотный проект по внедрению информационной системы «Таможня» для регистрации и контроля перевозки товаров физическими лицами на таможенном посту МЦПС «Хоргос». Система разработана на