ҚоғамМедицина

Жетісу  облысында  62  медициналық ұйымда санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуы анықталды

2023 жылдың 9 айында Жетісу облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 62 медициналық ұйымға тексеру жүргізді. Оның 31-і кесте бойынша берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне, 31-і ҚР Бас прокуратураның талабы бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігіне жоспардан тыс тексерулер жүргізді. Осындай ақпаратпен облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев бөлісті.

«Тексерілген 62 стационар бойынша барлығында бұзушылықтар анықталды және әкімшілік шаралар қолданылды. Тексеру қорытындысында облыстың медицина ұйымдарында жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың орындалмауы, инфекциялық  бақылау жұмысының жеткіліксіздігі анықталды. Сонымен бірге, желдету жүйесінің жарамдылығы, ыстық сумен қамтамасыз етілу, жөндеу жұмыстарының қажеттілігі мәселелері бойынша да бұзушылықтар орын алды. Дезинфекциялық-стерилдеу режимдерінің сақталмауы тексеру кезінде жүргізілген зертханалық зерттеулер қорытындысымен расталды», — деді департамент басшысы.

Анықталған бұзушылықтар бойынша жауапты тұлғаларға жалпы сомасы 46 млн. теңгеге жуық мөлшерде 84 айыппұл салынды. Бұзушылық анықталған барлық субьектілерге бұзушылықтарды жою туралы 28 санитариялық ұйғарым беріліп, 1 материал сотқа жіберілді, жұмыстан шеттетілгендер жоқ.

«Жүргізілген жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде 62 нысан күрделі жөндеуді қажет ететін 15 денсаулық сақтау обьектісі анықталды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес 2023-2025ж.ж.  «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде  59  денсаулық сақтау нысанын  салу жоспарланған. Бүгінгі күні 22 нысан салынып қолданысқа берілсе, қалғандарының құрылысы жалғасуда», — деп қорытындылады Асхат Сәкенұлы.

 

Related Posts

Жетісу облысы

ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ БЕЛСЕНДІ ДАУЫС БЕРУДЕ

Бескөл ауылдық округі, Бұлақты ауылындағы №59 дауыс беру учаскесінде Удмурт елінің өкілі Ирина Дряхлова ел болашағы үшін дауыс берді. Ирина Дряхлова референдум болашағымыз үшін маңызды екенін жеткізді. – Референдумда халықтың
Қоғам

Жетісу облысында алдағы жылы мәдениет күні кең ауқымды телевизиялық жоба ретінде өткізілмек

Бүгінгі күні Жетісу облысының мәдениет және архив мекемелерінің желісі 309 нысан. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында мәдени ошақ қызметкерлерінің 10 айда атқарған жұмыстары жайлы Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама
Медицина

Жатырішілік инфекциялар

Жатырішілік инфекциялар – ұрықтың және жаңа туған нәрестенің инфекциялық-қабыну патологияларының тобы, әртүрлі қоздырғыштар тудырады және ұрықтың дамуы және босану кезеңінде ұрықтың инфекциясы салдарынан дамиды. Жатырішілік инфекциялар ұрықтың жатырішілік дамуының кешеуілдеуіне,
Жетісу облысы

Жаңа мүмкіндіктер: Жетісу облысында «Мың бала» жобасы қайта басталды

10 ақпан мен 10 наурыз аралығында облыста «Мың бала» жобасына өтінім беру жүзеге асты. Нәтижесінде өңір бойынша 4884 оқушы жобаға қатысуға ниет білдірген. Ұлттық олимпиада тек 6 сынып оқушыларына арналған.