Жаңалықтар

Алматы облысында екі балдық жер сілкінісі болды

Қазақстандық сейсмологтар Алматы облысының тұрғындарына сезілген жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

2024 жылдың 2 қарашасында ҚР ТЖМ сейсмикалық станциялар желісі Қырғызстан мен Қытай шекарасында, Алматыдан 258 шақырым жерде болған жер сілкінісін тіркеді.

«Есептік қарқындылығы 2 баллды құрады: Алматы облысының Райымбек ауданындағы Нарынқол ауылы мен Кеген ауданындағы Кеген ауылында (таулы аймақ) байқалды», – делінген хабарламада.

Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.