Жетісу облысы

Жастар денсаулық орталығында жасөспірімдерге әлеуметтік-психологиялық және медициналық көмек көрсетіледі

Бүгінде жасөспірім қыздар мен ұлдар көз жұмуының себептері арасында өз өзіне қол жұмсау көрсеткіші де бар. Жыл басынан Жетісу облысында  суицидтің 7 фактісі, 6 әрекет жасау фактісі тіркелген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Мадина Турдашева мәлімдеді.
Маманның айтуынша, кәмелетке толмаған жастардың психикалық денсаулығындағы мәселелерді тудырушы фактор ретінде депрессия,  мазасыздық, буллинг, мінез-құлық  мәселелері мен өз-өзіне зақым келтіру.

Сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы екінші өзекті мәселе ерте жүктіліктің алдын алу. Талдықорған қаласында кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің 16 жағдайы тіркелді.
Суицидтің  алдын  алу  үшін  дәрігерлер мен психологтар, соның ішінде суицидология  және  психиатрия  мамандары суицидтік ойлар мен әрекеттерге тап болған жасөспірімдермен жұмыс жасайды. Жастар денсаулық орталығында жасөспірімдер әлеуметтік-психологиялық және медициналық қолдауды қоса алғанда, психикалық және репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша кешенді көмек ала алады.

Related Posts

Жетісу облысы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: алдын алу жұмыстары өз нәтижесін беруде

Жетісу облысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасын іске асыру шаралары жүріп жатыр. Осы бағытта халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге және өңір тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді оңтайландыру жүйесі жолға қойылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
Жетісу облысы

Еркін ауылының тұрғыны жылыжай шаруашылығын жүргізіп отыр

2019 жылдан бері Еркін ауылында жеке жылыжай шаруашылығы жұмысын жүргізіп келеді. «Майлебаева» жеке кәсіпкер ретінде қызмет етуде. Қияр өсіретін жылыжайда түрлі аппараттары мен көкөністі өсіруге арналған жылы газ қосылған. Аумағы
Жетісу облысы

ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ БЕЛСЕНДІ ДАУЫС БЕРУДЕ

Бескөл ауылдық округі, Бұлақты ауылындағы №59 дауыс беру учаскесінде Удмурт елінің өкілі Ирина Дряхлова ел болашағы үшін дауыс берді. Ирина Дряхлова референдум болашағымыз үшін маңызды екенін жеткізді. – Референдумда халықтың
Жетісу облысы

Мемлекет басшысының тапсырмасымен шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында Қаратал ауданында бірқатар жұмыстар атқарылуда 

2023 жылы «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 76 адамның құжаттары қабылданды, (жалпы сомасы 413 млн. 800 теңге.) Оның ішінде: ауылшаруашылығы бағытында 72 адам 386,1 млн теңге және 4 адамға басқа бағыттарда