Жетісу облысыҚоғам

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: алдын алу жұмыстары өз нәтижесін беруде

Жетісу облысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасын іске асыру шаралары жүріп жатыр. Осы бағытта халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге және өңір тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді оңтайландыру жүйесі жолға қойылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасы бойынша толыққанды мәлімет берді.

Департамент басшысы Саян Қылышұлының айтуынша, тәуекел картасында құрылыс, денсаулық, білім, экология, жолдар  мен  инфрақұрылым, әлеуметтік сала, спорт, бизнес, апатты және тозығы  жеткен тұрғын үй саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Аталған 9 саланың бүгінде 6-ы қамтылды.

Үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша «Бизнеске жол» жобасы аясында 207 кәсіпкердің құқығы қорғалды. Мемлекеттік сатып алу мониторингінде жыл басынан бері 957 млн. теңге үнемделді. ҚР ӘҚБтК-нің 173 және 680-баптары бойынша 12 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ендігі кезекте экология саласында құм-қиыршық тас қоспасын заңсыз өндіру бөлігінде, сондай-ақ, инфрақұрылым саласы сумен, жылумен, газбен жабдықтау, кәріз тазарту желілеріне қаражат жұмсау мәселелері қарастырылмақ.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары Департамент  назарында. Осы тұрғыда тұрғындар өз ұсыныстары мен өтініштерін білдіре алады.

Related Posts

Қоғам

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ҚЫЗЫЛША АУРУЫ АСҚЫНЫП ТҰР: ауруға шалдыққандардың 83%-ы вакцинацияланбаған

Жетісу өңірінде өршіп тұрған өзекті инфекциялардың бірі – қызылша ауруы. Облыстың барлық аумақтарында тіркелген бұл сырқатқа шалдыққандар саны биыл 381 адам. Оның 215-і 5 жасқа толмаған балалар. Ауа-тамшыларымен тарайтын жұқпалы
Жетісу облысы

Жетісу облысында «Қарызсыз қоғам» жобасы іске асырылуда

5 ақпаннан бастап жеке тұлғалар арасында берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы барлық өңірде жүргізіледі. Еліміздегі  17 өңір мен 3 республикалық маңызы бар қаланы қамтитын бұл
Қоғам

Жетісу облысында 11 мыңға жуық адам қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундалды

Бүгінде қызылша ауруымен сырқаттанушылар саны өсіп келеді. Жетісу облысында жыл басынан, 556 жағдай тіркеліп, оның 381-і расталған. Бұл туралы Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев журналистермен өткен баспасөз