Без рубрики

Алматы облысында МӘМС аясында бөлінген «Аңсаған сәби» квотасы 100 пайыз игерілді

Денсаулық  сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаеваның айтуынша, биыл өңірдегі 523  отбасыға осы бағдарлама игілігін көру мүмкіндігі берілген. Президент пәрмені сәбиді аңсап жүргендер талай отбасыға үміт сыйлағаны анық. Мәселен, 2022-2023 жылдары 19 000-нан аса әйелге ЭКО жасалыпты.  Олардың 7000-нан астамы жүкті болған. Айта кетейік, эко орталықтарына қаржы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы төленеді.

Бүгінде елімізде 15 мың ерлі-зайыпты бедеулік диагнозымен есепте тұр. Демек Қазақстандағы әр алтыншы жұп бала сүюді аңсайды. Бұл үлкен қасірет. Үкімет бұл отбасыларға  үміт сыйлау үшін «Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы қолдау көрсетуде.  Елімізде осы бағдарлама іске қосылғалы 5 мың бала дүниеге келіпті. Квотаны алу мен тіркелу жолын облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Пернебайқызы түсіндіріп берді.

«Сәттілік көрсеткіші де жаман емес.  Әр екінші әйелдің құрсағаны сәби бітуде. Дегенмен тегін эко жасату мүмкіндігі екі жағдайда ғана берілетінін құлағдар ете кетейік. Еркектік фактор әсер еткенде және әйелде жатыр түтікшесі болмаған жағдайда ғана квотаны алуға мүмкіндік бар»,- Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бүгінде эко арқылы 2 500 жүкті әйел бала тууды күтуде. Экстракорпоральды ұрықтандыру еліміздегі 19 клиникада жүргізіледі. Оның 7-уі Алматы қаласында. Алматы облысындағы отбасылар осы клиникалар көмегімен балалы болуға тырысып жатыр.

«Аңсаған сәби» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағалы бері МӘМС есебінен 20 мыға жуық әйелге экстракорпоральды ұрықтандыру  жүргізілген.  2022-2023 жыл аралығында 4 мыңнан аса отбасыда 5 мың нәресте дүниеге келген.