Жаңалық

Алматы облысында жалған АҚШ долларын сақтау мен өткізу деректері анықталды

Кінәлі тұлғаларға қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды

ҚМА Алматы облысы бойынша департаментімен жалған АҚШ долларын сақтау мен өткізу мән-жайы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.

Екі азамат 100 долларлық жалған купюраны 15 мың теңгеден өткізетіндігі анықталды. Кезекті жалған ақшаны өткізу барысында күдікті тұлғалар ұсталып, жүргізілген тінту барысында 6,5 мың АҚШ доллары анықталып алынды.

Кінәлі тұлғаларға қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

ҚМА жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу үшін заңмен жауапкершілік көзделгендігін ескертеді.

Related Posts

Жаңалық

Мамандандырылған тамақ өнімдері туралы не білуіңіз керек?

Соңғы жылдары адам денсаулығын жақсартуға бағытталған өнімдер сегментінің белсенді өсуі байқалды, олардың қатарына мамандандырылған тамақ өнімдері кіреді. Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасына сәйкес, мамандандырылған тамақ өнімдері – жекелеген заттардың немесе
Жаңалық

Алматы облысында 187,5 мың га жер цифрлық көшірмеге енгізілген

Ашықтық - мемлекет пен бұқара арасындағы байланыс құралы. Жергілікті атқарушы билікпен атқарылып жатқан жұмыстардан қараша хабардар болуы үшін таңдалған бірегей шешім. Бүгінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен ондағы бастамалардың тиімділігін ашық
Жаңалық

Алматы облысында 50-ден аса қылмыс әшкереленді

  10-20 мамыр аралығында Алматы облысында «Құқық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облысы ПД Жергілікті полиция қызметінің басқарма басшысы полиция подполковнигі Мұрат Қалиасқаров жүргізілген тексеріс
Жаңалық

Қонаевта 36 жастағы тұрғынның миына күрделі ота жасалды

Қонаевта миға күрделі ота жасалды. 36 жастағы тұрғын абайсызда құлап, басынан қатты соққы алған. Шұғыл түрде қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер науқасты тексеру барысында бас сүйегінің сынуы мен эпидуральды және