News

Алматы облысында өрт қауіпсіздігіне 522 нысанға тексеріс жүргізілді

Алматы облысының кәсіпкерлер палатасы мен ТЖД арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында кәсіпкерлердің заңды мүдделері мен құқықтары қорғалатын болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Самат Кенжеханұлы мен Атамекен ӨКП салалық даму жөніндегі директоры Ержан Нүсіпбекұлы баяндады

Меморандум шеңберінде кәсіпкерлермен кездесулер өткізілді. Онда былтыр бизнес субьектілері үшін өрт қауіпсіздігін тексерудің ерекше тәртібі түсіндірілді.Биылда бұл меморандум жалғасын таппақ.

Спикердің айтуынша профилактикалық бақылау жылына бір рет және 2 жылда бір рет жүргізіледі. Тексеріс барысында өрт қауіпсіздік ережелері сақталмаған жағдайда кәсіпкерге ескертпе беріледі.
Былтыр облыс бойынша 522 нысанға бақылау жүргізілді.Нәтижесінде 6159 бұзушылық анықталған.Жеке кәсіпкерлерді тексеру бойынша 160 нысан тексеріліп, 1852 өрт қауәпсіздік ережелері сақталмаған.Бұдан бөлек, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жоспардан тыс 62 тексеру жүргізілген. Азаматтық қорғау органдарының, сондай-ақ объектілер басшыларының өздері қабылдаған шараларға қарамастан, 2023 жылы 12 млн 650 мың теңге материалдық шығынмен объектілерде 50 өрт оқиғасы орын алған.

«Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзып, объектіні пайдаланған жағдайда өрт жағдайы тіркеледі.Сол себепті департаменттің аумақтық бөлімшелері кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы сабақтар өткізіп жатыр»,-деді Самат Кенжеханұлы.

Брифинг соңында өрттің алдын алу мақсатындағы қауіпсіздік ережелері туралы жан-жақты айтылды.