News

Алматы облысында Қапшағай жағалауы қоқыстан тазартылды

Оған «AMANAT» партиясының 50-ге жуық мүшелері мен жастар қанаты және еріктілер қатысты.

Бұдан бөлек, партиялықтар тарихи-мәдени ескерткіштерінің аумағын тазарту және абаттандыруға жұмылды.

Мәселен, Жамбыл ауданы Қарасу ауылында 70-ке жуық азамат Сарыбай би ескерткішін күл-қоқыстан тазартып, 200 қап қоқыс жинады.

Ал талғарлықтар жаяу жүргіншілер жолдарын қоқыстан тазарту, ағаш бұтақтарын кесу жұмыстарына аманатықтар белсене кіріскен.

Сондай-ақ Қарасайда Қаскелең-Шамалған жол айналымы бойындағы тазалық жұмыстарына 70-тен аса тұрғын өз үлестерін қосты.