Жетісу облысыҚоғам

«Томирис» көшбасшы әйелдерге арналған жоба іске асырылмақ

«Томирис» көшбасшы әйелдерге арналған жоба жүзеге асырылады. Ол қатысушылардың өз бастамаларын ілгетілетуге, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған. Байқауға қатысушылар өтінімі 22 шілде мен 16 тамыз аралығында электронды нұсқада қабылданады. Бұл туралы Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жетісу жастары ұйымының конгресі» ЖҚБ үйлестірушісі Ержан Даулетбаев пен Қоғамдық даму басқармасы жастар және отбасы саясаты бөлімінің бас маманы Жанерке Бексеитова мәлімдеді.

«Тренинг форматында өтетін үш күндік оқыту бағдарламасына 50 іскер әйел азаматтар қамтылмақ. Оқу көшбасшылық, саясаттағы гендерлік мәселелер, Қазақстан саясаты және трансформациялануы, көпшіліктің алдында сөз сөйлеу, жобалық менеджмент әдістері, ойлау дизайны бойынша модульдерді қамтиды», — деп атап өтті спикерлер.

Ережелерге сәйкес мына сілтеме бойынша онлайн-нысанды толтыруға тиіс: https://forms.gle/Hsea72ioarFxWFGV9

  1. хаттың тақырыбында «Tomiris» / Аты-жөні / аймақ» деп жазып, электрондық поштамен (kongressmen550@gmail.com) мына құжаттарды жолдау қажет:
  2. Құжаттар тізімі:
    а) Жеке куәліктің көшірмесі.
    b) Мотивациялық хат (500 сөзден көп емес).
    с) Түйіндеме
    d) еркін формадағы ұсыныс хат.

Related Posts

Қоғам

Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундаудың жүргізілуі тұрғындардың денсаулығы үшін маңызды

Әлем бойынша, оның ішінде біздің облыста қызылша инфекциясынан эпидемиологиялық қолайсыздық байқалуда. Сырқаттанушылықтың басым  көпшілігі қызылшаға қарсы егілмей қалған 5 жасқа дейінгі балалар арасында орын алуда, расталған 367 жағдайдың ішінде 57,2%
Жетісу облысы

2024 жылы Жетісу облысында 202 км автожол жөндеуді жоспарлап отыр

2023 жылдың қорытындысы бойынша облыста 198 шақырым жол жөнделді. Биылғы жылы 202 шақырымды жөндеу үшін Ұлттық  қордан  және жергілікті бюджеттен 20 млрд. теңге қаражат бөлінді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі
Жетісу облысы

Жетісу облысындағы экологиялық жағдай тұрақты

Талдықорған мен Текелі қалаларындағы ауаның ластану деңгейі төмен, ал 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында шығарылған зиянды қалдықтардың көлемі 9,7 мың тоннаға жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мемлекеттік
Жетісу облысы

«Мектепке жол» акциясы бойынша 16 мыңнан астам балаға көмек көрсетіледі

1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында  аз қамтылған, көп балалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету мақсатында «Мектепке жол» республикалық акциясы ұйымдастырылады.