Жетісу облысы

Ұрпақтар сабақтастығын дәріптеу туралы сөз қозғалды

Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен баспасөз-мәслихатында «Ұрпақтар сабақтастығын дәріптеу» жобасы туралы сөз қозғалды. Бұл  жоба негізінен «Ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету және Қазақстан халқының дәстүрлерін дәріптеу жөніндегі шаралар кешені» аясында патриотизм сезімін ояту, ұлттық бірегейлікті нығайту, тарихи мұраны сақтау және ұрпақтар сабақтастығын ұлттық дәстүрлер, мәдениет, ана тілі мен әдет-ғұрыптар рухын сақтауға бағытталған.

Атап  айтсақ,  байқау бойынша «Дана ене – Үздік келін», «Асқар тау әке – Зерек бала» номинациялар бойынша аудандық және қалалық конкурстар ұйымдастырылады.

«Жоба шеңберінде тақырыпқа байланысты түрлі іс-шаралар қолға алынады. Мәселен,   «Дана ене – Үздік келін», «Асқар тау әке – Зерек бала» бағыттары бойынша семинар-тренингтер, шеберлік сыныптары аудандық және қалалық, облыстық конкурстар өткізіліп, қаржылай  сыйлықтар табыс етілетін болады. Мұндағы мақсат – шараға қатысушы әрбір азаматтың  ұлттық  құндылықты дәріптей отырып, рухани көшбасшылық қасиеттеріне  ықпал ету», — дейді ұйымдастырушылар.

 

Related Posts

Жетісу облысы

Жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңінің аяқталуына бір ай қалды

Жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі 15 қыркүйекте аяқталады. Яғни, кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары мен олардың жұбайлары осы уақыт аралығына дейін ел аумағындағы және шетелдегі активтері жөнінде дерек ұсынуы тиіс. Жалпы
Жетісу облысы

Талдықорғандағы нашар көретін адамдарға жолды кесіп өтуге жаңа құрылғы ойлап табылды

Талдықорғанда 1973-тен астам көру қабілеті нашар адамдар бар. Сол үшін жолдарды кесіп өтуді жеңілдету үшін инновациялық құрылғы әзірленді. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Анар Нұрмахан бағдаршам сигналдарын дауыспен сүйемелдеудің бірегей жүйесін
Жетісу облысы

«Тарифті инвестицияға айырбастау» саясаты қалай іске асып жатыр?

«Тарифті инвестицияға айырбастау» саясаты коммуналдық салаға инвестиция тарта отырып, желілер мен қуат көздерінің тозу деңгейін кемінде 15 пайызға азайтуды көздейді. Бағдарлама шеңберінде желілер мен жабдықтардың жоғары тозуына байланысты инженерлік инфрақұрылымды
Жетісу облысы

Жетісу облысында жаңа тұрғын үй бағдарламалары жүзеге асырылуда

Бүгін облыста «Жетісу жастары» жобасы бойынша тұрғын үй сатып алуға өтінімдерді қабылдау басталды. «Отбасы банк» АҚ мен облыс әкімдігінің бірлескен жобасы алғаш рет 2022 жылы іске асырылып 30-дан астам жас