Жетісу облысыҚұқық

ҚР Денсаулық сақтау Кодексіне өзгерістер енгізілді

Соңғы жылдары Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы субъектілердің қызметін бақылау мен қадағалауға қатысты бірқатар шешім қабылданды. Мемлекет Басшысы ҚР Денсаулық сақтау Кодексіндегі өзгерістерге 8 маусымда қол қойды. Бұл туралы Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Самат Ахметов мәлімдеді.

«Заңда бизнестің, оның ішінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметін реттейтін қолданыстағы Кодекстер мен Заңдарға өзгерістер енгізілді. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру жүргізу тәртібі Үкіметте келісілуде, бақылау сатып алуды жүргізу тәртібі, сондай-ақ тексеру парақтарында көзделген жедел ден қою шараларын қабылдау тәртібі күшіне енді. 2024 жылдың 2 жартыжылдығынан бастап жедел ден қою шараларын қолдану, тергеп-тексеру жүргізу, өнімді бақылау және мемлекеттік тіркеуге жататын өнімдерінің жарнамасын бақылау тәртібіне жаңа талаптарды қабылдау жаңалық болды», — деп түсіндірді спикер.

Бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада, өнімді бақылау мақсатында сатып алу, тергеп-тексеру нәтижелері туралы актілерде, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдарда көзделген мерзімдер өткенге дейін бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса бере отырып анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында 31 елді мекенде су тасқыны қаупі бар

Жетісу облысының ТЖД жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, елді мекендердегі су тасқыны қаупі бар учаскелерге тұрақты мониторинг жүргізді. Мәселен, облыс бойынша су басу мүмкіндігі бар аймақта 31 елді мекен бар. Оның
Жетісу облысы

Күзде адам папилломавирусына қарсы вакцинация басталады

2024 жылы адам папилломавирусына қарсы вакцина Ұлттық вакцинация күнтізбесіне енгізілді. Бұл аурудан қорғаудың тиімді әдісі. Екпені Жетісу облысындағы 11-14 жасар 6000-ға жуық қыз балаға егу жоспарлануда. Шара осы жылдың күзінде
Жетісу облысы

Ескелді ауданында мәдениет саласының өкілдері дауыс берді

Республикалық референдумда ауданның мәдениет саласының өкілдері өз таңдауларын жасады. Олар Қоңыр ауылындағы №124 және Қаратал ауылындағы №105 дауыс беру учаскелерінде дауыс берді. «Біз мәдениет саласында жүрсекте бүгінгі референдумға қатысып дауыс
Жетісу облысы

Мәртебелі театр – өркениеті өскен елдің еншісі

Бүгін 27 наурыз - Халықаралық театр күні. Бұл мереке ғұмырын сахнада өткізетін әртістердің ғана емес, өнерсүйер қауымның төл мейрамы. Мереке қарсаңында облыстағы өнер ордасының қарашаңырағы Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының