Без рубрики

Алматы облысында жыл басынан бері 70 сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелді

Өңірлік коммуникация қызметінің ақпараттық алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт Департамент тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Спикердің айтуынша,өңірде жемқорлықпен күрестің қарқыны күшейгенімен, көлеңкелі қылмысқа жол берушілердің саны азаймай тұр.Облыста сыбайлас жемқорлықтың 7 негізгі саласы анықталды. Олар фармацевтикалық бақылау, ауыл шаруашылығы, салық, құрылыс, сот, құқық қорғау, жер қатынастары және білім беру. Аталған салалар бойынша 2,4 млрд теңгеге жуық негізсіз бөлінген қаражат әшкереленген.
Атқарылған жұмыстар қортындысы бойынша жыл басынан бері 90 қылмыс тіркелген, оның 70-і сыбайлас жемқорлық сипатында. Нәтижесінде 60 адам әшкереленді. Оның 2 республикалық, 24 облыстық және де 30 аудандық деңгейдегі лауазымды тұлғалар. Пара алу және пара беру фактілері бойынша 46 қылмыстық іс тіркелген.

« 2023 жылдың 12 айында Департаментпен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке 23 адам тартылды.Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 4 968 000 теңгені құрап, толығымен өтелді»,-дейді Айдос Мамыт

Бүгінде департамент қызметкерлерімен «Сатып алудың бірыңғай терезе» жүйесі бойынша қатаң мониторинг жүргізіліде. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда жоспарланған тауарлардың бағалары орташа нарықтық бағалармен салыстырылады. Сәйкесінше, бағаны тым көтеріп жіберген жағадайда, ұсыныстар енгізіледі. Жоба аясында осы жылдың нәтижесінде облыс бойынша 1,5 млрд қаражатты тиімсіз пайдаланудың алды алынды.
Брифинг барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыты бойынша ерікті Куляра Маненова»Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік»жобасын атап өтті.

« Қазіргі таңда өнір бойынша 90 ерікті қабылданды, олардың орташа жасы-35.Жоба сыбайлас жемқорлықпен байланысты проблемаларды анықтауға және жоюға бей-жай қарамайтын азаматтардың белсенді қатысуын көздейді. Сол себепті облыс тұрғындарын ерікті болуға шақырамын»,-дейді спикер.

Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кезде Департаментке немесе 1424 нөмірі бойынша CaII-орталыққа хабарласу қажет.