Алматы облысының экологиялық жағдайын жақсарту үшін кешенді Жол Картасы бекітілген еді. Бас құжат 2023-2025 жылдар аралығында қызмет етуі тиіс. Аймақтық мәселенің түйінін тарқатуға негізделген бұл карта ҚР экология министрі мен Алматы облысы әкімдігінің бірлесе әзірленген. Мақсат біреу- 1,5 млн халқы бар өңірдегі түйіткілді реттеу.
Аталмыш Жол Картасы бес бағытты қамтиды. Әуелгісі жылу электр станцияларын газға ауыстыру. Кешенді жоспарға сәйкес, өңірдегі ЖЭО 2026 жылға дейін көгілдір отынмен қамтылуы тиіс. Екінші бағытта газға қосылуға негізделген. Мұнда Алматы қаласына жақын орналасқан бес аудандағы елді мекендердегі тұрғын үй әлеуметтік мекеме және кәсіпорындарға газбен жабдықтау ісі қарастырылған. Бұл тіпті, «Алматы агломерациясы» туралы заңда да көзделген.
Алматы облысы экология департаментінің басшысы Қонысбек Байеділовтың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстарға облыстық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы жауапты, дей тұрғанмен, алдағы үш жылда елді мекендер толықтай газға қосылады деп күтілуде.
Жол картасында көрсетілген келесі бағыт көгалдандыру. Айналаны аббаттандыру, экологиялық мәселені шешудің тиімді жолы, дейді мамандар. Сол үшінде ағаш түптерін отырғызу аса маңызды. Өткен жылы 100 мың ағаш отырғызылса, биыл олардың саны он мыңға өсіп, 110 мың түп ағашқа жетпек. Бұдан бөлек, су ресурстарының жайы да жол каратсында көрсетілген. Алғашқы басты жұмыс кәріз жүйелерінің құбырларын ауыстыру болып тұр. Сондай-ақ, Еңбекшіқазақ ауданының маңайындағы су асты ұңғымаларын ретке келтіру керек.
Экологиялық Жол картасындағы соңғы бағыт, тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеуге ден қою. Алматы облысында жалпы жеті қоқыс жиналатын алаң бар, оның екеуі әлі заңдастырылмаған. Сонымен қатар, облыста тұрмыстық қалдықтардың тек жиырма бір пайызы ғана қайта өңделеді, Қонысбек Ескендірұлының сөзіне сүйенсек, бұл төмен көрсеткіш. Мұның алдын алмаса, экологияға келетін кері әсері арта түспек. Айта кетейік, облыс көлемінде 350 заңсыз қоқыс үйіндісі бар. Бүгінгі күні бұлардың санын азайту жұмыстары жүргізілуде.