News

Алматы облысындағы демалыс аймақтарына санитарлық тексеріс жүргізілді

Алматы облысының демалыс орындары шомылу маусымына дайын, деп хабарлайды Өңірілік коммуникациялар қызметі.
Жалпы, аймақта 103 су айдыны мен демалыс орыны бар. Атап айтсақ, 97-сі Қонаев қаласы және біреуі Еңбекшіқазақ пен 5-еуі Іле ауданында орналасқан.
Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаиловтың сөзінше,су нысандарынан бөлек, 24 қала сыртындағы оқушылардың демалысы мен сауықтыру ұйымдарына бақылау жұмыстары жүргізілуде.

“Шомылу маусымы басталар тұста санитарлық қызмет мамандары су қоймаларының суы мен жағажайлардағы құмның талапқа сәйкестігіне зертханалық зерттеулер жүргізеді. Биыл мамандар 123 су сынамасы мен 30 топырақ түрін сараптамадан өткізген. Зерттеулердің нәтижелері бойынша су мен топырақ үлгілері гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес келді”,- дейді, өңірдің бас санитар дәрігері Марат Исмаилов.

Департамент ашық су нысандарында лептоспироз, вирусты гепатит, ротовирустық инфекциялар, гельминтоз сияқты ауруларды жұқтыруға себепші болатынын ескертеді. Сондықтан, спикер су қоймасы суларының сапасы тексерілген,халықтың жаппай шомылатын ресми орындарында ғана шомылуға,және суға түсуге рұқсат етілген арнайы ақпараттық белгілерге назар аударуға кеңіс берді.