Жаңалық

Алматы облысының цифрлық көшірмесі толықтырылуда

Облыс көлемінде 300-ден аса туристік нысан цифрлық көшірмеге енгізіледі, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Цифрлық көшірменің” негізгі мақсаты – бұқара мен билік арасындағы ашықтық. Қазіргі таңда цифрлық технологиялар басқармасы, көшірмеде барлық саланы қамтып, тұрғындар үшін ақпараттық қолжетімділікті ұсынуда.

Жоба шеңберінде облыстың проблемалық мәселелерінің, жер учаскелерінің, ветеринариялық станциялармен, туристік нысандар,ерекше қорғалатын аумақтардың, құрылыс объектілерінің, қылмыстар бойынша тақырыптық үш өлшемді және екі өлшемді карталары іске асырылды.

Облыстың бас санитариялық дәрігерінің ақпарынша,аймақта бақылауда тұрған санитариялық-қорғау аймақтары енгізілді. Спикердің айтуынша, цифрлық көшірмеге енгізудің негізгі мақсаттарының бірі- жер учаскелерін заңсыз беруді болдырмау. Бұдан бөлек,өнеркәсіптік объектілердің жұмысынан экологиялық құқықбұзушлықты азайту.

Сонымен қатар, облыстағы туризм саласып дамытып, саяхатшылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін басты назарға ала отыра ,нысандар туралы ақпарат жүйеге енгізіледі.Бұл туралы толығырақ баспасөз мәслихаты барысында туризм басқармасының инфрақұрылымды дамыту және туристік жобаларды жүзеге асыру бөлімінің басшысы Шерхан Есентемиров айтты. Жалпы алғанда қазіргі таңда туристік нысандарды картага енгізу бойынша жұмыстар атқарылуда.

«Негізгі танымал 33 нысанның 9-ы Алматы облысына тиесілі. Қазіргі таңда туризм саласын қарқынды дамыту мақсатында көшірмеге 300-ден аса шағын нысандар енгізілді,-деді Шерхан Сержанұлы.

Ал, Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының орман шаруашылығы бөлімінің бас маманы Абат Мұратұлының айтуынша, картада өңірдегі ормаун шаруашылықтары түгел көрсетіледі. Алматы облысының жалпы орман қорының аумағы аумағы 2,2 млн. га, оның орманмен көмкерілгені 1,2 млн. га құрайды. Көшірмеде мемлекеттік орман қоры жерлерінің картасы, жалпы ауданы мен көмкерілген аумақтары, штаттық бірліктері, орман күтуші үйлері және иеленушіге тиесілі аумақта мекен ететін аң-құстардың түрлерін картаға тіркеу жұмыстары жұргізілуде деп қортындылады.

Related Posts

Жаңалық

МӘМС: миына қан құйылған 61 жастағы ер адамға ота жасалды

61 жастағы ер адамға барлық медициналық көмек МӘМС есебінен жүргізілді. Науқасқа ота жасаған нейрохирург-дәрігері Гизатуллин Марат Римұлының айтуынша, қан кету мидың ісініп, бас миының өзегінің қысылуына әкелген. Әдетте бұндай жағдай
Жаңалық

Қазақстандықтардың басым көпшілігі бүйрекке мұқтаж

Еліміз бойынша қайтыс болғаннан кейінгі донорлық жүйесі қарқынды дамуда. Ресми мәлімет бойынша қазіргі уақытта Алматы облысында  250-ге жуық науқас донорлық ағзаға зәру. Кезекте тұрған науқастардың басым бөлігіне бүйрек трансплантациясы қажет.
Жаңалық

Алматы облысынында 1 наурыздан бастап өңірлік кадрлық резервке іріктеу басталады

Өңірлік кадр резерві жобасының негізгі мақсаты - аймақты дамытуға талантты жастарды тарту. Жобаның бірінші кезеңі 1-31 наурыз аралығында өтеді. Бұл туралы өңірлік комуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысы әкімі аппаратының
Жаңалық

МӘМС: Алматы облысында 28 мыңға жуық ота жасалды

Алматы облысында биыл МӘМС жүйесі арқылы 27 700-ден астам ота жасалды. Жоғары технологиялық бұл операциялардың басым бөлігі кардиохирургия, нейрохирургия және ЛОР бағытында.Бұл туралы ӘМСҚ Алматы облыстық филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев