Медицина

Балалар тағамын қалай таңдаймыз?

Өнімнің қаптамасында мультфильмдегі кейіпкерді немесе бақытты баланың бейнесін байқап, көптеген ата-аналар дәл осы өнімді таңдайды. Логика қарапайым және айқын: қаптамада бала – бұл өнім балалар тағамына жарамды. Іс жүзінде бұл ештеңеге кепілдік бермейді.

Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасына сәйкес, балалар тағамына арналған тамақ өнімдері – бұл балалар ағзасының тиісті физиологиялық қажеттіліктеріне жауап беретін және балаларға (0-ден 3 жасқа дейінгі балалар, 3-тен 6 жас аралығындағы мектеп жасына дейінгі балалар, 6 жастан асқан мектеп жасындағы балалар үшін) арналған мамандандырылған, тиісті жастағы  баланың денсаулығына зиян келтірмейтін тамақ өнімдері.

Балаларға арналған арнайы тағамдарға мыналар жатады:

  • сүт қоспалары, яғни қандай да бір себептермен ана сүтінен айырылған емшек сүтімен емізетін жастағы балаларды жасанды тамақтандыруға арналған бейімделген сүт,
  • қосымша тамақ өнімдері (пісіруді қажет етпейтін сүт / сүтсіз ботқалар, көкөніс, жеміс-жидек, жарма шырындары мен пюресі, ет және балық негізіндегі балалар консервілері, балалар суы).
  • Балаларға арналған шұжық өнімдері, нан-тоқаш өнімдері (балалар печеньесі, макарон өнімдері және т.б.).

«Барлық шикізат балалар тағамын өндіруге жарамды емес екенін білу маңызды. Мысалы, құрамында ГМО немесе пестицидтер бар тамақ шикізатын пайдалануға жол берілмейді. Балалар тағамына арналған тамақ өнімдерінде: 0,2% — дан астам этил спирті, табиғи кофе, өрік дәндері, сірке суы, тәттілендіргіштер мүлдем болмауы керек екенін білу маңызды. Балалар тағамына арналған печенье құрамында 25%-дан артық қант болмауы тиіс, сондай-ақ, нан-тоқаш өнімдерін құраындағы тұз мөлшері 0,5% -дан аспауы керек. Сонымен қатар, сүт негізіндегі балалар тағам өнімдері оралған және герметикалық шағын қаптамаға оралған қаптамаларда болуы керек екенін білу маңызды»,- деп атап өтті Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары Самат Ахметов.

Сіздерге сапалы және қауіпсіз балалар тамақ өнімдерін таңдауға көмектесетін бірнеше кеңестер ұсынамыз:

  1. Дүкеннен балалар тағамын сатып алар алдында, Сіз өнімді қолыңызға алып, оны мұқият тексеріп алуыңыз керек. Өнім герметикалық түрде қапталған және ауаның өтуіне жол берілмеуі керек, сонымен қатар тым үрленіп тұрғаны да дұрыс емес. Қаптаманың кездейсоқ зақымдалмағанына көз жеткізіңіз: ағу/төгілу белгілерінсіз немесе жыртылған болмауы керек. Себебі, бұндай жағдайда қаптама сыртындағы кез-келген ақпарат барлық мағынасын жоғалтады.
  2. Таңбалауды мұқият зерттеңіз. Таңбалауда негізгі қаріп өлшемінен кем емес қаріппен «Балалар тамағы» деген жазу, сондай-ақ өнім арналған балалардың жас санаты туралы ақпарат орналастырылуы тиіс. Сондай-ақ, тамақ өнімдері үшін көзделген міндетті мәліметтердің болуына назар аударыңыз: атауы, құрамы, саны, дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, дайындаушының атауы мен орналасқан жері, пайдалану бойынша ұсынымдар және (немесе) шектеулер, ГМО-ның болуы туралы мәліметтер (бұл балаларға арналған мамандандырылған өнім үшін жол берілмейді), ЕАС сәйкестік белгісі. Таңбалау мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылуы, анық, түсінікті болуы және жаңылыстырмауы тиіс.

Сонымен қатар, егер сіз сүт қоспаларының қаптамасындағы таңбалауды зерттесеңіз, онда ескертпе жазу болуы керек: «Жас балаларды тамақтандыру үшін емшек сүтімен емізген жөн». Сондай-ақ, әйел сүтін алмастырғыштардағы таңбада балалардың суреттері болмауы керек.

  1. Өнімді сатып алғанда, сатушыдан оның сәйкестігі мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды сұраңыз. Балалар тағамына арналған өнімдер үшін бұндай құжат мемлекеттік тіркеу туралы куәлік болып табылады. Егер сатушы сізге мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ұсынбаса, онда өнімді сатып алудан бас тартыңыз.

Балалар тағамын дұрыс таңдаңыз!

Related Posts

Қоғам

Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундаудың жүргізілуі тұрғындардың денсаулығы үшін маңызды

Әлем бойынша, оның ішінде біздің облыста қызылша инфекциясынан эпидемиологиялық қолайсыздық байқалуда. Сырқаттанушылықтың басым  көпшілігі қызылшаға қарсы егілмей қалған 5 жасқа дейінгі балалар арасында орын алуда, расталған 367 жағдайдың ішінде 57,2%
Жетісу облысы

Жетісу облысында жыл сайын қан айналымы жүйесі ауруларының 25 мыңға жуық жағдайы тіркеледі

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында осы аурулардан болатын өлім-жітімнің өсуі байқалды. Жыл сайын бұл көрсеткіш артып келеді. Жүрек жеткіліксіздігінің өсуін азайту үшін дәрігерлер басқа елдердің мамандарымен тәжірибе алмасады. Жыл басынан облыстық
Қоғам

Соңғы 10 айда Жетісу облысында 700-ден астам адам АИТВ инфекциясын жұқтырған.

Дүниежүзілік ЖИТС(жүре пайда болған иммун тапшылығының синдромы)-ке қарсы күрес күні жыл сайын 1-ші желтоқсанда атап өтіледі. Үрдіске Жетісу өңірі де қосылып, 2023 жылдың 20-шы қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында онкүндік
Қоғам

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ТҰМАУ МЕН ЖРВИ ӨРШІП ТҰР: 37 мыңнан астам жағдайы тіркелді

Жетісу облысында 2023-2024 жылдардағы эпидемиологиялық маусымның 40-48 аптасында жіті респираторлық вирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың 37 361 жағдайға дейін ұлғаюы байқалды. Бұл алдыңғы эпидемиологиялық кезеңмен салыстырғанда 2,5 есе артық. Науқастардың 70%-ы 14