News

Алматы облысының әкімі Сенат және Мәжіліс депутаттарымен кездесті

Облыс әкімдігіндегі алқалы жиында Алматы облысындағы соңғы жаңалықтар мен алдағы жоспар кеңінен талқыланды. Өңір басшысы туризм,  ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, кәсіпкерлік сынды  түрлі салаларды дамыту, әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша қолға алынған шаралар жөнінде де жан-жақты тоқталып өтті. 

«Бүгінде облысымызда туристік қызметтердің жаңа бағыттары қалыптасты. Экологиялық кемпинг және глэмпинг аймақтарын салу, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін қазақ үйлерінен тұратын этноауылдарды ашу бойынша инвестициялық ұсыныстар әзірленуде. Сонымен қатар алғаш рет 2024 жылдың 1-тоқсанында Нарынқол ауылында туристер үшін жаңа бағыт ашу жөнінде ҚХР-мен уағдаластыққа қол жеткізілді. ҚР мен ҚХР арасында туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ол өңірлердің туристік саласының әлеуетін дамытуға, туристік бағыттарды арттыруға бағытталған», – деді Марат Елеусізұлы.

Аймақ басшысы  алқалы жиында өңірдегі соңғы жаңалықтар мен алдағы жоспарды да кеңінен талқыланды.

Өңірде білім, мәдениет, спорт саласы қарқынды дамып келеді. Оған дәлел ретінде күні кеше ҰБТ -дан 140 балл алған Жаннұр Еңсебекті тілге тиек етті. Одан бөлек көптен бері ұйымдастырылмай кеткен футболдан облыстық чемпионаттың сәтті өткені айтылды.