Бұл туралы облыстық мәслихаттағы «AMANAT» фракциясының отырысында білім басқарма басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлова мәлімдеді.
2023 жылы 14 (12 мектеп,1 мектеп жанындағы интернат, 1 балабақша) білім беру нысандарына күрделі жөндеу жұмыстарын жасау жоспарланып, оған бюджеттен 12,1 млрд.теңге бөлінді.
Оның ішінде: 2022 жылдан өтпелі 2 мектеп: 1) Райымбек ауданы Сарыбастау ауылындағы Сауранбаев атындағы орта мектебінің спорт, акт залдарының жұмысы мамырда толық аяқталды. 2022 жылы 650,0 млн.теңге игерілді, 2023 жылы 575,065 млн.теңге игерілді. Мердігері: «СМУ шығыс» ЖШС-гі. Оқу процессі 2022 жылдан оқу ғимаратында оқытылды.
2) Қарасай ауданы Алматы қаласында орналасқан Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернатының жөндеу жұмыстары 60% жүргізілді. 2022 жылы 244,8 млн.теңге игерілді. 2023 жылға 265,0 млн.теңге бөлінді. Мердігері: «Грандстрой сервис» ЖШС-гі, өзінің келісім-шарт міндеттерін орындамағаны үшін сотқа шағым берілді. 3 рет сот отырыстары өткізілді. Сот процессі жүргізіліп, жосықсыз мердігер деп анықтап, айыппұл төлеуді міндеттеді, бірақ соттың шешімі шыққан жоқ.
2023 жылы жөндеу жұмыстары 10 мектеп, 1 мектеп жанындағы интернат, 1 балабақшада басталып, жүргізілуде,
Жөндеу жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде — 10 мектеп, 1 мектеп жанындағы интернат, 1 балабақша:
1. Іле ауданы Екпінді ауылында №2 орта мектеп; бөлінген қаржысы — 602,3 млн.теңге, «Азамат курылыс» ЖШС-гі, жұмыстың орындалуы — 50%. Игерілген қаржысы- 374,7 млн.теңге игерілді. Аяқталу мерзімі 9 ай, яғни 2024 жылдың наурызы. 50 адам жұмыс істеуде, жұмыстар өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде.
Оқушылар Екпінді ауылындағы 900 орындық №48 орта мектепте оқытылуда.
2. Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында Абай атындағы орта мектеп; бөлінген қаржысы-1196,8 млн.теңге, «СП Нефт» ЖШС-гі, жұмыстың орындалуы -70%. Игерілген қаржысы- 714,2 млн.теңге игерілді. Аяқталу мерзімі 9 ай, яғни 2024 жылдың наурызы, мердігер желтоқсанның соңына аяқтауға кепілдік етті. 87 адам жұмыс істеуде. Өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде.
Оқушылар Шелек ауылындағы Молдағұлов атындағы мектепте оқытылуда.
3. Еңбекшіқазақ ауданы Аблайхан орта мектебі; бөлінген қаржысы-655,2 млн.теңге, «Казеврострой» ЖШС-гі, жұмыстың орындалуы -15%. Игерілген қаржысы- 171,7 млн.теңге. Аяқталу мерзімі 9 ай, яғни 2024 жылдың наурызы. Конкурс қорытындысы тамыздың 20-нде шығарылды. Жұмысшы саны 20 адам, адам саны аз. Бүгінгі күнде өндірістік кестеден 1 айға кешіктірілуде.
Оқушылар Есік қаласындағы жаңадан салынған 1500 орындық мектепте оқытылуда.
4. Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы «Білім және инновация» мектеп лицейі; бөлінген қаржысы-1254,6 млн.теңге, «Глобал констракшн» ЖШС-гі, жұмыстың орындалуы -75%. Игерілген қаржысы- 468,0 млн.теңге игерілді. Аяқталу мерзімі 8 ай, яғни 2024 жылдың ақпаны, мердігер желтоқсанның соңына аяқтауға кепілдік етті.
250 оқушы Қаракемер ауылындағы кәсіптік колледжінде жатқызылып, оқытылады.
5. Қарасай ауданы Қаскелең қаласында Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп; бөлінген қаржысы-1416,8 млн.теңге, «СП Нефт» ЖШС-гі, жұмыстың орындалуы -75%. Игерілген қаржысы- 425,0 млн.теңге игерілді. 80 адам жұмыс істеуде, жұмыс өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде.
Оқушылар Қаскелең қаласында салынған жаңа 1500 орындық мектепте оқытылады.
6. Кеген ауданы Кеген ауылында Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп; бөлінген қаржысы-1200,5 млн.теңге, «СП Нефт» ЖШС-гі, жұмыстың орындалуы — 50%. Игерілген қаржысы- 475,6 млн.теңге. 45 адам жұмыс істеуде, өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде.
Аяқталу мерзімі 12 ай, яғни 2024 жылдың мамыры.
Оқушылар Серкебаев атындағы мектепте, мәдениет үйінде және Бөлексаз ауылына тасымалданып оқытылады.
7. Кеген ауданы Кеген ауылындағы Нұрпеисов атындағы орта мектеп; бөлінген қаржысы-906,2 млн.теңге, «СМУ шығыс» ЖШС-гі, жұмыстың орындалуы -80%. Игерілген қаржысы- 639,1 млн.теңге. Жұмыстар өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Аяқталу мерзімі 5 ай, яғни 2023 жылдың қарашасы. Серкебаев және Қарқара мектебіне тасымалданып оқытылады.
8. Талғар ауданы Белбұлақ ауылында №10 орта мектеп; бөлінген қаржысы-907,4 млн.теңге, «Шебер булдь» ЖШС-гі, жұмыстың орындалуы -50%. Игерілген қаржысы- 384,0 млн.теңге игерілді. 32 адам жұмыс істеуде, жұмыстар өндірістік кестеден 1,5 айға кешіктірілуде. Жұмысшы санын көбейту қажеттілігі ескертілді. Аудандық білім бөлімі тарапынан мердегірге хабарлама (уведомление) берілді.
Аяқталу мерзімі 9 ай, яғни 2024 жылдың наурызы. Оқушылар Белбұлақ ауылындағы №32 орта мектепте оқытылады.
9. Талғар ауданы Нұра ауылында №12 орта мектеп; бөлінген қаржысы-1145,0 млн.теңге, «Шебер булдь» ЖШС-гі, жұмыстың орындалуы -50%. Игерілген қаржысы- 419,9 млн.теңге игерілді.
34 адам жұмыс істеуде, жұмыстар өндірістік кестеден 1 айға кешіктірілуде. Жұмысшы санын көбейту қажеттілігі ескертілді. Аудандық білім бөлімі тарапынан мердегірге хабарлама (уведомление) берілді.
Аяқталу мерзімі 11 ай, яғни 2024 жылдың мамыры.
Оқушылар ауыл әкімдігінде, мәдениет үйінде және Туғанбай ауылындағы №30 орта мектепке тасымалданып оқытылады.
10. Қонаев қаласында №4 Қ.Қайсенов атындағы орта мектеп; бөлінген қаржысы-1282,6 млн.теңге, «Шебер булдь» ЖШС-гі, жұмыстың орындалуы — 75%. Игерілген қаржысы- 630,5 млн.теңге. 104 адам жұмыс істеуде, жұмыс өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде.
Аяқталу мерзімі 25 желтоқсан 2023 жыл. Оқушылар жаңадан салынған 900 орындық мектепте оқытылады.
Мектеп жанындағы интернат:
11. Абай атындағы орта мектептің мектеп жанындағы интернат. Бөлінген қаржысы-516,2 млн.теңге, «Шах» ЖШС-гі, жұмыстың орындалуы 75%. Игерілген қаржысы- 201,5 млн.теңге игерілді. 47 адам жұмыс істеуде, жұмыстар өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Аяқталу мерзімі 25 желтоқсан 2023 жыл. Оқушылар Қызылжар ауылының мектеп жанындағы интернатына жатқызылып, оқытылады.
Және 1 балабақша
12. Талғар ауданы Панфилов ауылында №4 балабақша. бөлінген қаржысы-626,1 млн.теңге, «Азамат құрылыс» ЖШС-гі, жұмыстың орындалу орындалуы -70%. Игерілген қаржысы- 325,0 млн.теңге. 38 адам жұмыс істеуде, жұмыстар өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде.
Аяқталу мерзімі 25 желтоқсан 2023 жыл. «Зияткер», «Қарақат» жекеменшік балабақшаларына уақытша барады.
Жыл соңына дейін 6 мектеп, 1 балабақша, 1 мектеп жанындағы интернат аяқталады деп жоспарланған, қалған 4 мектеп 2024 жылға өтпелі.
Оқу процессін үздіксіз жалғастыру мақсатында күрделі жөндеу жүргізілетін білім беру нысандарының оқушыларын басқа мектептер мен ғимараттарға оқыту мәселесі ұйымдастырылды.