Жетісу облысыМедицина

Биыл  Жетісу облысында  94  медициналық  нысан  іске  қосылады

Денсаулық  сақтау  саласын  дамыту  мақсатында  осы  жылдың  бірінші  жартыжылдығында  облыстағы  бірқатар медицина мекемелері жаңа құрал-жабдықпен толықты. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау басқармасының басшысы мәлімдеді.

Сала маманы есепті кезеңде Жетісу облысында 94  медициналық  нысан  іске  қосылатынын, оның 59-ы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы шеңберінде берілетінін, алғашқы медициналық-санитарлық көмек желісін кеңейту үшін ауылдық жерлерде 27 блокты-модулді нысан тұрғызылатынын атап өтті.

Бұдан бөлек, облыстың  медициналық ұйымдарының материалдық-техникалық  базасын  жақсарту  мақсатында  28  медициналық  техника  сатып алынды. «СК-Фармация» ЖШС Бірыңғай дистрибьюторы арқылы құны 20 млн. теңгеден асатын медициналық  техниканы, сонымен қатар, облыстық кардиологиялық орталыққа ангиограф құрылғысы сатып алу жоспарлануда.

Мамандардың біліктілігін арттыру алғашқы медициналық-санитариялық  қызметтің  20 маманы оқытудан өтті. Ал көрсетілетін медициналық көмекті жақсарту үшін облыс мамандары шетелдік клиникаларда тәжірибеден өтті. Атап айтсақ, Германияның Дюссельдорф қаласындағы клиникаға төрт маман, 4 акушер-гинеколог маманы Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласына оқуға жіберілді.