Бұл туралы Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында айтылды.
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департамент басшысы Бағлан Қарғұловтың айтуынша, өзгертулер статитикалық деректерді жинау тетігін жетілдіруге бағытталған.
«Респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібіне өзгерістер енгізіліп жатыр. Енді респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну кестесінде көрсетілген мерзімде есеп уақтылы тапсырылмаса, профилактикалық бақылау жүргізбестен респонденттер айыппұл арқалайды», – дейді Бағлан Қарғұлов.
Оның айтуынша, дер уақытында тапсырмағаны немесе күмәнді деректер үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Мәселен, айыппұл мөлшері 36 мың 920 теңгеден басталып 553 мың 800 теңгеге дейін барады.
Айта кету керек, заң жобасы қабылданғаннан кейін формаларды қысқарту процесі айтарлықтай жеделдей түседі. Есептемелерді кәсіпкерлік субъектілері, бюджеттік ұйымдар тапсырады, сауалнамаға қарапайым азаматтар қатысады. Бұл — жүктеме. Аталған өзгерістер 2024 жылғы 8 маусымнан бастап күшіне енбек.