Жаңалық

Алматы облысындағы республикалық жолдар екі айға жетпей жарамсыз күйге түсті

Кеген ауданы әкімі Нұрбақыт Теңізбаевтың айтуынша, биыл көктемде жөндеуден өткен Көкпек, Кеген, Нарынқол ауылдарында жасалған жолдың сапасы сыр берген. Онымен қоса, Кеген – Түп тасжолы мен Көлсай жолдары да шұрық тесікке айналған.

«Кеген ауданында «ҚазАвтоЖол»-ға қарасты көптеген жолдарды жөндеу қажет. Өйткені, ауданымызға келіп жатқан туристердің саны былтырғы жылға қарағанда үш есе көбейді. Алдағы уақытта Президент тапсырмасына сай Нарынқолдан шекара ашылса, Кеген –Түп тасжолы арқылы жүретін жүргіншілер де көбеймек. Бірақ жол сапасы өте нашар. Сондықтан құр сөз бен бос уәде бермей, ҚазАвтоЖол мәселені жедел қолға алу керек деп санаймын», – дейді Кеген ауданынының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев.

Ал «ҚазАвтоЖол»-дың Алматы облыстық филиал директорының орынбасары Нұржан Таңатаровтың айтуынша, биыл компаниясына 32 миллиард теңге қаржы бөлінді. Аясында 12 жоба жүзеге аспақ. Ішінде Кеген өңірі де бар деп отыр.

«Кеген, Нарынқол бойынша 15 шақырым жол салу жұмысы басталып жатыр. Тағы 74 шақырымды биыл қолға аламыз. Келесі жылы бітеді. Сондай-ақ Кеген – Түп тасжолы Қазақстанның Даму банкінен ақша бөлініп қолға алынады. Көлсай көлдері жаққа да 3-24 шақырымға дейін орташа жөндеу жүреді», – дейді Нұржан Таңатаров.

Сонымен қатар, жиында партиялықтар облыстық маңызы бар тас жолдардың да жай күйін сөз етті.

Алматы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ермек Баймұқамбетов биыл өңірде 154 км жол жөнделетінін айтты. Оған 17 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінген.

«Жалпы орташа жөндеу бойынша 10 жоба, тағы үш жоба күрделі жөндеу бойынша қолға алып жатырмыз. Бүгінде Ұйғыр, Райымбек, Кеген, Еңбекшіқазақ Талғар аудандарында орташа жөндеу жұмыстары басталып жатыр. Онда да жергілікті халықпен ақылдасып жұмыс жүрігізудеміз», – деді басқарма басшысы Ермек Баймұқамбетов.

Айта кету керек, отырыста «AMANAT» партиясының филиалы мен «Өңірлік даму» кеңесі көтерілген мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға өз ескертпелерін айтты. Сонымен қатар бөлінген қаржының қалай игерілгенін партиялық бақылауда ұстап отыратындарын жеткізді.

Related Posts

Жаңалық

Медицина саласындағы палуан

Мақсатжан Нурайсанов Алматы облысы Іле аудандық орталық ауруханасында 10 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Мамандығы - зертханашы. Алматы қаласының 5 дүркін, Қазақстанның 3 дүркін чемпионы жақында Алматы қаласында грэпплинг спорты
Жаңалық

Сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық азамат тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқылы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылғы 1 қаңтарда іске қосылды. Оны енгізудің арқасында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру едәуір өсті. Жыл басынан Алматы облысы бойынша сақтандыру қорына жарналар мен аударымдар
Жаңалық

Алматы облысында жүк көліктерінің салмағын өлшейтін станция қойылады

  Жолдың жағдайын ретке келтіру мемлекеттік саясаттық басым бағыттарының бірі. Бүгінгі күнге Алматы облысындағы жолдың 93 пайызы қанағаттандырарлық жағдайда. Жыл сайын жол құрылысына және оны күтіп ұстауға қазынадан қаржы бөлінеді.
Жаңалық

Серік Нұрқадыров Қонаев мәслихатына депутат болып сайланды

2024 жылғы 31 наурызда өткен Қонаев қаласы мәслихатының шығып қалған депутаттың орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама 2024 жылғы 31 наурызда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Қонаев қалалық мәслихатының шығып