Медицина

Алматы облысында 1 млн 138 мыңнан астам тұрғын МӘМС жүйесіне тіркелген

Дені саудың-жаны сау. Ол үшін денсаулыққа аса мән беруі керек екені мәлім. Бүгінде ауырмай ем іздейтіндер үшін арнайы қор жұмыс жасайды медициналық көмектің екі түрі бар. Ол тегін медициналық көмектің кепілдендірілген түрі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру болып екіге бөлінеді.

Қазіргі таңда облыста бір жарым миллионнан астам адам тұрады, соның 1 млн 138 мыңнан астамы «сақтандырылған» мәртебесіне ие. Бұл өз кезегінде кез келген ем-шараға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев көпбалалы аналар, яғни «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлерімен, зейнет жасындағы адамдар және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін мемлекет тарапынан жарна төленетінін айтты. Бұл санатқа кәмелет жасына толмаған балалар да жатады.

Жалпы алғанда Алматы облысында «сақтандырылған» мәртебеге ие тұрғындардың 70 пайызына жарна мемлекеттен төленіп отыр. Соған қарамастан МӘМС жүйесіне қосылмаған адам саны азаяр емес, өңірде 401 841 адам әлі күнге аталмыш жүйеге тіркелмеген.
Аймақтағы МӘМС-ке жауапты тұлғаның сөзіне сүйенсек, облыста 71 медициналық мекеме арнайы қордан қаржыландырылады. Бүгінгі күнге 52 емханаға 1 897,9 млн.теңге төленді. Айта кету керек, аталған ауруханаларға алдын ала төлем үшін жалпы қаржының 30%-ы аударылады.

«Жыл басынан бері қаржыландыру көлемі, оның ішінде амбулаториялық дәрі-дәрекпен қамтамасыз етуді қосқанда 49 275,8 млн теңгені құрады. Ақпан айындағы төлемді 2024 жылдың 28 маусымына дейін аяқтау жоспарланып отыр»,- деп қорытындылады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев.

Related Posts

Қоғам

Жетісу облысы әкімінің «Көшбасшы – 2023» жастар сыйлығы

Жетісу өңірінде ең креативті, бастамашыл және дарынды жастар таңдалмақ. Облыс әкімінің жыл сайынғы «Көшбасшы-2023» сыйлығына іріктеу және ұсыну бойынша өтініштер қабылдау мерзімі  қараша айының 20-сынан басталды. Қатысу шарттары мен ережелерін
Жетісу облысы

Жетісу облысында 59 медициналық нысан салу жоспарланып отыр

Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасында 2024 жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру жоспарлануда. Оның шеңберінде 8 ауданда 59 Денсаулық сақтау объектісі іске қосылмақ. Бұдан бөлек, үш нысанды
Жетісу облысы

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы жүзеге асып жатыр

Жетісу облысында биыл біршама медициналық нысанның құрылысы басталады. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Жансеңгіров Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте хабарлады. Денсаулық сақтау саласы үшін халыққа
Медицина

Педикулез және оның алдын алу

Күз келіп, балалардың барлығы ұйымдасқан мекемелерге (мектеп, балабақша, жатақхана) жиналған кезде тығыз қарым-қатынас салдарынан жұқпалы және паразитарлық аурулардың көбейеді. Солардың бірі – педикулез. Ол адам денесінде биттердің арнайы паразиттік тіршілік