Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Ерасыл Жасұланов «Дарын» республикалық олимпиадасында информатика пәнінен қола жүлдегер атанды.
Ақтауда 9-11 сынып оқушылары арасында химия және информатика пәндері бойынша жаратылыстану-математикалық бағыттағы республикалық олимпиада өтті.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды, оқушылар теориялық және практикалық тапсырмаларды орындады. Зияткерлік жарысқа Қазақстанның барлық өңірлерінен 307 оқушы қатысты, бұл бәсекелестіктің жоғары деңгейін көрсетеді.
Ерасыл нәтижесінде III орынға ие болды. Ол 7-сыныптан бастап олимпиадалық қозғалыспен айналысып келеді, қоржынында желілік олимпиадалардан бірінші орын, «KBO olympiad» Республикалық пәндік олимпиадасынан алтын медалі бар.
Болашақ бағдарламашы Ерасыл өз мамандығын информатикамен байланыстыруға тырысады, сондықтан ол үшін информатиканы оқып, жоғары нәтижелерге қол жеткізу өте маңызды.
Олимпиада-бұл білім мен интеллектті тексеру ғана емес, сонымен қатар өзін — өзі жетілдіру, тәжірибе алмасу және жаңа достар табу мүмкіндігі, — деп түсіндірді Ерасыл.