News

Дәурен Тойбаев Жамбыл аудандық мәслихат депутаты болып сайланды

2024 жылғы 31 наурызда №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Жамбыл аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттың орнына сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 5484 азамат енгізілді. Дауыс беруге — 3482 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша — 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 38 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны -3.

Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жамбыл аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

№ 7 сайлау округі бойынша

Картанбаев Ермек Мусаханович үшін сайлаушылардың 389 дауысы берілді.

Мажен Ерлан Қалмаханұлы үшін сайлаушылардың 243 дауысы берілді.

Тойбаев Даурен Даукенович үшін сайлаушылардың 2746 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны — 104;

 

Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жамбыл аудандық мәслихаттың депутаты болып:

1984 жылы туылған, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ басшысының орынбасары Тойбаев Даурен Даукенович сайланды.