Жетісу облысыҚоғам

Еркін ауылының тұрғыны жылыжай шаруашылығын жүргізіп отыр

2019 жылдан бері Еркін ауылында жеке жылыжай шаруашылығы жұмысын жүргізіп келеді. «Майлебаева» жеке кәсіпкер ретінде қызмет етуде. Қияр өсіретін жылыжайда түрлі аппараттары мен көкөністі өсіруге арналған жылы газ қосылған.
Аумағы 40 сотық жерде қыс мезгілінде – 80-100, көктем мезгілінде – 200 келі өнім алады. Қиярды 2 маусым егіп, өндіреді. Әр өндіру кезінен кейін өнімді толықтай жинап, жаңа егу кезеңіне дайындалады. Көкөністі күтіп-баптайтын, өсіруге қолайлы аппарат бар. Кәсіпкер сол арқылы өнімге қанша мөлшерде су, кальций және витаминдер қажет екенін қадағалап отырады.
Қала тұрғыны алғашында жылыжайға жұмыспен қамту орталығы арқылы 2 жұмысшы алыпты. Қазіргі уақытта мұнда 4 қызметкер жұмыс атқарады.
Кәсіпкер қияр өнімімен қаладағы жергілікті базар мен тамақтану орталықтарын қамтамасыз етуде. Ол болашақта жылыжайдың жалпы аумағын үлкейтіп, облыс халқының игілігіне қызмет еткісі келеді.
Талдықорған қаласы бойынша барлығы 6 жылыжай кешені бар. Атап айтсақ, «Овощепром» ЖШС, «Жетысу Агро кешені» ЖШС, ИП «Мақмұт Нұргүлсін», «Түлкібай» ЖК, ИП «Шарапиев Т», «Майлебаева» ЖК. Жалпы көлемі – 1,52 гектар. Онда көкөністің қызанақ, қияр, түрлі салат жапырақтары өсіріледі. Болашақта тағы да 1 гектар жерге жылыжай кешенін салу жоспарлануда.