NewsЖетісу облысы

Ескелді ауданында мәдениет саласының өкілдері дауыс берді

Республикалық референдумда ауданның мәдениет саласының өкілдері өз таңдауларын жасады. Олар Қоңыр ауылындағы №124 және Қаратал ауылындағы №105 дауыс беру учаскелерінде дауыс берді.
«Біз мәдениет саласында жүрсекте бүгінгі референдумға қатысып дауыс беру мемлекетіміз үшін қаншалықты маңызды екенің түсінеміз. Ауыл тұрғындары белсенділік танытып бір ауыздан дауыстарын беріп жатыр, бұл халықтың азаматтық парызын орындаудағы жауапкершілігі артқанын көрсетеді», — дейді Айдос Кудербаев.
«Биылғы жыл біздің ауыл үшін жемісті болды ауылымызда жаңа мәдениет үйі салынып Конституция күніне орай қолданысқа берілді. Өте қуанышытымыз. Мәдениет саласындағы әріптестермін дауыс беру учаскелеріне барып, дауыс беріп жатқаның көріп менде өз таңдауымды жасауға келдім. Бүгін мемлекет және біз үшін маңызды күндердің бірі», — деп атап өтті Қаратал ауылдық мәдениет үйінің директоры Ануар Напиханов.