Жетісу облысыҚұқық

Жетісу облысында 35 келіге жуық есірткі заттары тәркіленді

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күніне орайластырылған айлық басталды. Жыл басынан облысы аумағында есірткінің заңсыз айналымына байланысты 65 құқық бұзушылық тіркелді. Көрсетілген кезең ішінде заңсыз айналымнан 35 келіге жуық түрлі есірткі заттары алынды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Мадияр Омаров және есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының ведомствоаралық нашақорлықты үйлестіру және алдын алу тобының аға жедел уәкілі Меруерт Искаклва айтып берді.
Меруерт Искакованың айтуынша, биыл жыл басынан есірткіні заңсыз таратқаны үшін  12 азамат ұсталды, арасында 2 жас қыз бар,
сонымен қатар 4 есірткі жасырушы бар.
Баспасөз-мәслихаты барысында есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күресудің кинологиялық қызметтерді қолдану да көрсетілді. Мамандардың арнайы жасырған есірткі затын Олли атты қызметтік ит оны сәтті тапты.
Сөз соңында Департамент басшысының орынбасары 2023-2025 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі Кешенді жоспардың іске асырылуы ІІМ басшылығы мен облыс полиция департаментінің ерекше бақылауында екенін атап өтті.

Related Posts

Жетісу облысы

Ескелді ауданында ауыл шаруашылығы қарқынды дамуда

Ескелді ауданы - аграрлы аймақ, негізгі бағыты - ауыл шаруашылығы. Қазіргі уақытта ауданда көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Оның ішінде қажетті тұқым мен минералды тыңайтқыш және дизель отынымен қамтамасыз ету
Жетісу облысы

Жетісу облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тексеріс жүргізілуде

Қаржы мониторинг Агенттігінің нұсқаулығына сәйкес, Жетісу облысы экономикалық тергеп-тексеру  департаментімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларға тұрақты түрде талдау жұмыстары жүргізілуде. Ақпаратпен облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары бөлісіп, БАҚ өкілдерінің сауалдарына
Жетісу облысы

Текелі қаласында 15 апатты үй тіркелген

Текелі қаласының әкімі Алмас Әділдің айтуынша, бұл мәселе кезең-кезеңімен шешілуде. Биыл Текелі қаласында 470 млн.теңгеге 48 пәтер сатып алу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 11 пәтер сатып алынды. Биыл төтенше жағдайлардың алдын
Жетісу облысы

Жетісу облысында жолдағы қауіпсіздік шаралары күшейтілуде

Бүгінде жол-көлік оқиғалары мен соның салдарынан болатын өлім мен жарақат фактілері азаймай отыр. Оның алдын алу үшін Жетісу облысында республикалық  маңызы  бар автожолдарда 19 жерге жылдамдықты анықтайтын бейнекамералар орнатылды. Сондай-ақ,