Жетісу облысыҚоғам

Ескелді ауданында ауыл шаруашылығы қарқынды дамуда

Ескелді ауданы — аграрлы аймақ, негізгі бағыты — ауыл шаруашылығы. Қазіргі уақытта ауданда көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Оның ішінде қажетті тұқым мен минералды тыңайтқыш және дизель отынымен қамтамасыз ету бойынша өтінім қабылданып жатыр. Ауыл шаруашылығының әлеуеті туралы Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Елдос Ахметов айтып берді.
«Биыл аймақта ауыл шаруашылығы дақылдары 31,9 мың гектарға себіледі. Ал қант қызылшасы 2073 га себіледі. Былтыр 134 мың тонна тәтті түбір жиналды, биыл да осындай көрсеткіштерге қол жеткізу жоспарлануда. Өткен жылы зауытқа өткізілетін қант қызылшасы субсидиясын ұлғайту нәтижесінде бағасы 30 мың теңгеден 40 мың теңгеге дейін көтерілді. Сонымен қатар, Көксу қант зауыты тарапынан тасымалдау шығыны тоннасына 1000 теңгеден өтелді. Биыл ауыл шаруашылығының техникалары да жаңаруда. Жыл басынан бері 14 техника сатып алынды», — деді аудан әкімі.
Сондай-ақ, ауданда 1957 шаруа қожалықтары бар. Оның ішінде мал шаруашылығымен 502 қожалық айналысады. Бүгінде мал төлдеу науқаны жүріп жатыр. Атап айтсақ, 3 айда мал санының өсуі байқалады. Аудан ет, сүтті өздерінен шығарып, халық игілігіне жаратып отыр. Мәселен, ауданда 9 сүт фермасы жұмыс істейді. Биылғы жылдың 1 тоқсаны бойынша 6 мың 648 тонна сүт өндірілген. Ал ет бағытында 3 мал бордақылау алаңдары бар, жыл басынан бері 2100 тонна ет өндірілді.
Биылғы жылдың 1 тоқсанына ауыл шаруашылық саласына 216 млн. тг жуық инвестиция тартылды. Инвестицияның негізгі көзі сатып алынған техникалар мен құрал-жабдықтар.

Related Posts

Қоғам

Алматы облысында тұрғын үйдің пеші жарылып 82 адам жылусыз қалған

9 желтоқсанда күндізгі сағат 12:41-де Кеген ауылындағы көпқабатты 32 пәтерлік тұрғын үйдің от жағу ғимаратының ішінде орналасқан "BURAN boiler" пеші жарылып, тұрғын үйдегі жалпы 82 адам (41 жасөспірім, 41 ересек)
Қоғам

«Кітап-AMANAT»: Отандық әдебиетті ілгерілетуге бағытталған жоба Жетісу өңірінде жалғасын тапты

Осыған дейін Алматы, Астана қалалары мен Жамбыл, Павлодар облыстарында басталған жоба бүгін Жер жаннаты – Жетісуда жалғасын тапты. «AMANAT» партиясының Жетісу облыстық филиалында өткен іс-шараға партия Хатшысы Шолпан Каринова, «Қазақстан
Қоғам

Талдықорғанда құны 1 миллиард теңгеден асатын конкурстың күші жойылды

Талдықорған прокуратурасы құны 1 миллиард теңгеден асатын 6 мемлекеттік сатып алу конкурсының күшін жойған. "Тапсырыс берушілер конкурстық құжаттамада біліктілік талаптарын негізсіз жоғарылатып, сол арқылы әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға