Бұл эконом кластағы қонақ үйдің бір түрі, мұнда келушілер төсек орынды немесе бөлек бөлмені жалға алады.
Хостелдерді қайда орналастыруға болады:
- бөлек тұрған ғимараттарда,
- көпфункционалды ғимараттардың құрамында,
- жертөлелер мен бірінші қабаттардағы тұрғын үй-жайларды қоспағанда, жеке кіреберісі бар көп пәтерлі тұрғын үйлерде.
Объектінің аумағы абаттандырылады және таза күтіп ұсталады. Ғимаратқа кіреберісте қоқысқа арналған жәшіктер (урналар) орнатылады. Қоқыстарды жинау үшін қатты жабыны бар алаңда орнатылған контейнерлер қолданылады.
Объект сумен жабдықтау, суды бұру, жылумен жабдықтау жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Жылумен жабдықтау, желдету, ауа баптау жүйелері микроклиматтың оңтайлы және рұқсат етілген параметрлерін қамтамасыз етеді, сондай-ақ, жатып-тұруға ыңғайлы жағдайлар жасалуы керек.
Хостелдер 15 адамға кемінде 1 дәретхана кабинасы және 1 қол жуғыш, 1 себезгі кабинасы есебімен санитариялық тораппен қамтамасыз етіледі.
Хостелде мүкаммалдар, асүй және асхана ыдыстары, азық-түлік пен жуу құралдарын сақтауға арналған ыдыстары бар асхана, ас үй, өз-өзіне қызмет көрсету әдісімен тамақ ішуге және дайындауға арналған бөлмелер қарастырылады.
Бұл ретте ас үй, холл және жуынатын бөлме, хостелге келушілер үшін ортақ аумақтар болып табылатын жеке бөлмелерде орналастырылады.