Жаңалық

Марат Сұлтанғазиев Азиада жеңімпаздарын қабылдады

23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында ХІХ Азия ойындары өтті.

Алматы облысынан жарысқа 10 спортшы қатысып, 2 алтын, 3 қола медаль иеленген. Бүгін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев спортшылар мен жаттықтырушыларды қабылдады. Олардың қатарында стенд атудан алтын медаль иегерлері Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко, Ольга Панарина, Зоя Кравченко, ушу-сандадан қола медаль иегері Аян Тұрсын және т.б. спортшылар бар.

«Сіздер жоғары спорттық шеберлік және жеңіске деген құлшынысты таныта отырып Қазақстанды Азия ойындарда лайықты таныта білдіңіздер. Ел намысын абыроймен қорғап, жарқын жеңіс сыйладыңыздар. Сіздердің жеңістеріңіз спортты серік еткен жастарды жігерлендіріп, биік белестерге бастайтыны сөзсіз», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Ол өңірде спортты дамытуға үнемі қолдау болатынын атап өтті.

«Қазіргі таңда облыстың 35% тұрғыны спортпен айналысады. Біздің мақсат осы көрсеткішті 50%-ға жеткізу. Қонаев қаласында әзірше барлық спорт түрімен айналысуға мүмкіндік жоқ. Десе де, осы уақытқа дейін Oceanman (суда жүзуден жарыс), халықаралық шахмат турнирін, ескек есу секілді ауқымды додаларды өткіздік. Бұл шаралар ары қарай да өз жалғасын табады. Бұдан бөлек, ұлттық спортты дамыту мақсатында халықаралық «Сонар» бүркітші, саятшылар жарысын, Аламан, Құнан бәйгелер ұйымдастырдық. Жалпы Алматы облысы екіге бөлінгелі ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жеттік», – деді өңір басшысы.

Сондай-ақ әкім, әсіресе, қыздардың жеткен жеңісін ерекше атап өтіп, жуырда аудандарда спорттық кешендер ашылатынын тілге тиек етті.

«Әсем сіз стенд атудан, Жібек қызымыз джиу-джитсудан, Аян Тұрсын ушу-сандадан биік белестерден көрінді. Бұл біз үшін мақтаныш. Қазақстанның гимні үлкен шаралар мен Олимпиада, Азиада, Универсиадада шырқалады. Сондықтан әр азамат үшін спортшылардың орны ерек. Алда келе жатқан Олимпиада ойындарында да жеңіс тілейміз. Жақында облыста 2 спорт кешені қолданысқа беріледі», – деді облыс әкімі.

Өз кезегінде мерген қыз Әсем Орынбай Алматы облысы әкімінің қолдауы үшін оған алғысын білдірді. Ол өңірде спортшылар үшін жақсы жағдай жасалып жатқанын сөз етті.

Содан кейін өңір басшысы спортшылар мен жаттықтырушыларға Құрмет грамотасы мен ақшалай сыйлықтар табыстады.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында 180 орындық заманауи дене шынықтыру – сауықтыру кешені ашылды

    Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында заманауи дене шынықтыру – сауықтыру кешені ашылды. Кешенге грек-рим күресінен Әлем чемпионы, халқымыздан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Қазақстанның
Жаңалық

Алматы облысында «Ауыл олимпиадасы» басталды

Алматы облысында ауылдық жерлердегі дарынды оқушыларға арналған "Ауыл олимпиадасы" бастау алды. Екінші жыл қатарынан өткізіліп жатқан бұл білім бәйгесі ауыл мектептерінде оқитын балаларға үлкен мүмкіндіктер ұсынып, олардың қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Жаңалық

МӘМС аясында «DN Medicus Pharm» орталығында 65 мыңға тарта тегін медициналық көмек көрсетілді

Біз Жамбыл ауданының ересектері мен балаларына алғашқы медициналық-санитарлық, консультациялық — диагностикалық көмек көрсетеміз. Емхана "Қайырымды қызмет көрсету емханасы" ұранымен жұмыс істейді және оның миссиясы "қазіргі заманғы диагностикалық, емдеу-профилактикалық және медициналық-әлеуметтік
Жаңалық

Сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық азамат тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқылы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылғы 1 қаңтарда іске қосылды. Оны енгізудің арқасында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру едәуір өсті. Жыл басынан Алматы облысы бойынша сақтандыру қорына жарналар мен аударымдар