Жаңалық

МӘМС аясында «DN Medicus Pharm» орталығында 65 мыңға тарта тегін медициналық көмек көрсетілді

Біз Жамбыл ауданының ересектері мен балаларына алғашқы медициналық-санитарлық, консультациялық — диагностикалық көмек көрсетеміз. Емхана «Қайырымды қызмет көрсету емханасы» ұранымен жұмыс істейді және оның миссиясы «қазіргі заманғы диагностикалық, емдеу-профилактикалық және медициналық-әлеуметтік технологиялар негізінде пациенттің қажеттіліктеріне барынша жауап беретін жоғары сапалы медициналық көмек көрсету» болып табылады. Емханада 43 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде дәрігерлер-20, ЖПД-4, педиатр, Кардиолог, нефролог, Невропатолог, Акушер-гинеколог, Офтальмолог, Стоматолог, ЛОР, Реабилитолог, Хирург, Психолог, Эндокринолог, Маммолог, психиатр, Нарколог және ультрадыбыстық диагностика дәрігері. Сондай-ақ тіркелген халыққа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін 10 төсектік (ересек) күндізгі стационар жұмыс істейді.Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында барлық қызметтер көрсетеді. Емхана жетекші өндіруші елдердің жаңа жабдықталған. МӘМС аясында 2023 жылы «DN Medicus Pharm» орталығында 65 мыңға тарта тегін медициналық көмек көрсетілді

МӘМС аясында аудан тұрғындарының ішінде 129-ға тарта адам күндізгі стационарда  ем алды. Бұл жүйенің тұрғындар үшін мүмкіндігі зор екенін атап өткім келеді. Өйткені, оның енгізілуі талай тұрғынның қымбат, әрі күрделі ем-домды тегін алуға көмектесті. Жалпы, МӘМС   көрсетілетін қызметтер тізбесін кеңейту және олардың көлемі ұлғайды, диагностиканы күту ұзақтығын қысқарды. Мәмс аясында 24 мыңға жуық консультация берілді. Жыл сайын емхананың материалдық базасы күшейтіліп келеді. Мәселен, заманауи ЛОР комбайн, Танзилор, СМАД, цифырлық рентген құрылғысы келді.

Елімізде МӘМС-тің енгізілуімен денсаулық сақтау саласы түбегейлі өзгерді. Жаңашылдық, оң өзгерістерді көрдік. Медицина алға жылжыды. Бұл өз кезегінде сапалы қызмет алуға жол ашты. Сақтандыру мәртебесіне қарамастан, барлық азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқылы. Бірақ, жоспарлы емдеуге жатқызу, бейінді мамандардың қабылдауы, қымбат тұратын тексерулерден өту және жоғары технологиялық ем алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болуы қажет. Дәрігерке келіп тексерістен өтіп, қажетті жолдамасын алып, квоталарға ие болады. Тек біздің ғана емханада емес, аудан аумағында орналасқан соң, жолдама арқылы Алматы қаласындағы ірі клиникаларда да ем қабылдай алады. Сақтандыру мәртебесінің маңыздылығы – қымбат ем-домға оңай қол жеткізеді. Өйткені, кейбір көмекті алуға тұрғынның қалтасы көтере бермейді. Сондықтан әр ай сайын жарна төлеу арқылы, көп мүмкіндікке ие болуға болады. Әр азаматқа салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығы зор болғанын тілеймін!

Арайлым Еркимбаева

«DN Medicus Pharm» орталығының директоры

Related Posts

Жаңалық

Дәрігерлер тілме ауруына шалдыққан науқасты құтқарды

Алматы облысында тілме ауруына шалдыққан азамат МӘМС есебінен қажетті медициналық көмек алды. Бұл дерт – терінің жедел қабынуы. Аурудың қоздырғышы – стрептококк бактериялары. Ауру жедел басталады. Науқас қалтырап, дірілдеп, дене
Жаңалық

Балқаш ауданында ет өндірісі 107,2%-ға артты

Алматы облысындағы басты аудандардың бірі - Балқаш. 28 елді мекен мен 15 ауылдық округ кіретін аймақтың негізгі экономикалық драйвері - ауыл шаруашылығы. Ақ күрішімен атақты ауданда өткен жылы нақты көлем
Жаңалық

Мемлекеттік басқару академиясында биыл қандай өзгеріс бар? – мамандар түсіндірді

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қажетті құжаттарды тапсыру 30 қарашаға дейін жалғасады. Академияға түсу талаптарына және биылғы енгізілген өзгерістерге қатысты Алматы облысы бойынша академия филиалының директоры Малик Асанов
Жаңалық

Қандай жағдайда медициналық қызметкерді үйге шақыруға болады?

Міндетті әлеуметтік медициналық қоры Алматы облыстық филиалының өкілдері қандай жағдайда медицина мамандарын үйге шақыруға болатынын мәлімдеді. Айтуларынша, жедел жағдайлар немесе созылмалы аурулардың өршуі кезінде, егер сізде кенеттен және айқын органдардың