Жаңалық

Жетісу облысындағы қызылшаның эпидемиологиялық жағдайы

Жетісу облысында қызылша ауруымен сырқаттанушылық тұрақталып келеді. Өңірде қызылшаның алғашқы нақтамасымен 1266 жағдай тіркеліп, оның 904 зертханалық сараптамамен расталған.

Жалпы, қызылшаның алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация, арнайы емі жоқ. Сондықтан, аурудың таралуын болдырмау үшін тұрғындардың вакцинациямен жоғары деңгейде қамтылуын қамтамасыз ету қажет. Бұл мақсатта Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес балаларға қызылшаға қарсы жоспарлы егу 12-15 айлығында және қайта егу 6 жаста жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, қосымша жаппай иммундаумен облыста 50 191 адам қамтылды, оның ішінде 6-10 айдағы балалар 5624 2-4 жастағылар 31 723, медициналық қызметкерлер 3581, екпелерді өткізіп алған 18 жасқа дейінгі тұрғындар 9163.

Related Posts

Жаңалық

Жетісу облысында интернет-алаяқтықпен күрес күшейтілуде

Өңірдегі интернет алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шараларымен Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастыру бақылау басқармасының аға жедел уәкілі Бауыржан Текесбай Өңірлік коммуникация алаңында өткен брифингте таныстырды. Қазіргі таңда
Жаңалық

XXXIII жазғы олимпиада: Алматы облысынан 5 спортшы ел намысын қорғайды

Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ерболат Сарабеков айтты. 4 жылдықтың басты додасында Алматы облысынан 5 спортшы ел намысын қорғайды. Олар 3 спорт түрінен Олимпиада ойындарының лицензия
Жаңалық

Мамандандырылған тамақ өнімдері туралы не білуіңіз керек?

Соңғы жылдары адам денсаулығын жақсартуға бағытталған өнімдер сегментінің белсенді өсуі байқалды, олардың қатарына мамандандырылған тамақ өнімдері кіреді. Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасына сәйкес, мамандандырылған тамақ өнімдері – жекелеген заттардың немесе
Жаңалық

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті

Журналистер үйінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Іс-шараны облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев жүргізді. Министр БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап беріп, өз пікірін білдірді.