Жаңалық

XXXIII жазғы олимпиада: Алматы облысынан 5 спортшы ел намысын қорғайды

Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ерболат Сарабеков айтты.

4 жылдықтың басты додасында Алматы облысынан 5 спортшы ел намысын қорғайды. Олар 3 спорт түрінен Олимпиада ойындарының лицензия иегерлері атанды.

«Лицензия алған спортшылар саны бойынша Алматы облысы Республикалық рейтингте 6 орында. Олимпиада ойындарында Алматы облысынан стенд атудан – Әсем Орынбай, Едуард Ещенко, Дмитриенко Мария, оқ атудан – Чирюкин Никита, грек-рим күресінен Демеу Жадраев сынға түседі»,-деді Ерболат Сарабеков.

Баршаға мәлім, XXXIII жазғы олимпиада ойындары 26 шілде — 11 тамыз күндері аралығында Париж төрінде өтеді.
Аймақтың оғландары бақ сынаған спорттық сайыстар қатары олимпиадамен шектелмейді. Күні кеше 25 маусым – 7 шілде күндері аралығында Якутия қаласында VIII Халықаралық «Азия Балалары» спорттық ойындарына өңірден 7 спорт түрінен 9 спортшы қатысты. Ауқымды іс-шараның қорытындысы бойыншы Алматы облысының спортшылары 2 күміс және 2 қола медальдарға ие болды.

Алматы облысының спортшылары Республикалық және Халықаралық жарыстарда жалпы саны 1344 медаль жеңіп алды. Оның ішінде, 482 алтын, 384 күміс, 478 қола жүлде қанжығаға байланды.
Олимпиада ойындары аяқталғаннан кейін, спротшылар көзге түсетін тағы бір ауқымды шара — V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары. Спикердің айтуынша, халықаралық деңгейдегі дүбірлі додаға Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының сапында өнер көрсетуге Алматы облысының 11 спортшысы үміткер. Жоғарыда аталған жетістіктердің негізі мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың нәтижиесі, дейді Ерболат Сарабеков.

«Биыл дене шынықтыру мен спортты дамытуға бюджеттен 14,9 млрд. теңге бөлінді. Бұдан бөлек, халықаралық ареналарда ел намысын қорғайтын үздік спортшыларды ынталандыру мақсатында, аймақтағы 239 спортшыға 51 000 — 500 000 мың теңгеге дейінгі аралықта Алматы облысы әкімдігінің стипендиясы төленуде»,- деді Ерболат Сарабекұлы.

Алматы облысында «халықтың 1000 адамға шаққандағы спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі» көрсеткіші 49%-ды құрайды. 2024 жылдың соңына дейін 50,2 % жету жоспарланған. Қазіргі таңда спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры арқылы «Ангар» үлгідегі спорт кешенін салу бойынша жұмыстар жүгізілуде.

Related Posts

Жаңалық

Енді жеке клиникаларға талап күшейтілмек

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният еліміздегі емханалардағы ұзын-сонар кезекке қатысты түсінік берді. «Біріншіден, цифрландыру дамып келеді. Әрине, біз мұны бір жылда іске асыра алмаймыз. Бұл бағытта ауқымды жұмыс бар. Қазақстандағы
Жаңалық

Жетісу облысында қызылша бойынша жағдай тұрақталып келеді

Бүгінде Жетісу облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайда тұрақтылық тенденциясы байқалады. Өңірде алғашқы нақтамамен 984 жағдай тіркеліп, оның ішінде 707 зертханалық расталған. Сонымен қатар, өңірде 46 275  адам қызылшаға қарсы қосымша
Жаңалық

МӘМС: Алматы облысында 28 мыңға жуық ота жасалды

Алматы облысында биыл МӘМС жүйесі арқылы 27 700-ден астам ота жасалды. Жоғары технологиялық бұл операциялардың басым бөлігі кардиохирургия, нейрохирургия және ЛОР бағытында.Бұл туралы ӘМСҚ Алматы облыстық филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев
Жаңалық

Алматы облысында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі

Апаттар мен оқиғалардың негізгі себептері өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтамаудан орын алады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің салааралық бақылау және